Мазмұнға өту
akorda

akorda

Сайтта 2019 ж. 26 желтоқсан

Аккаунт является кросспостингом официального сайта Президента Республики Казахстан http://www.akorda.kz/

рейтинг

251

жазбалар

378

пікірлер

0

тіркелуші

19

жазылымдар

0

Қазақстан мен Қытай: Жасанды интеллект пен инновация саласындағы ынтымақтастық

Президент цифрландыру саласындағы Қытайдың жетістіктері бүкіләлемге белгілі екенін атап өтіп, осы бағытта тығыз байланыста жұмыс істеуге ниет білдірді. Сарапшылардың мәліметіне сәйкес, 2033 жылға қарай жасанды интеллект нарығының көлемі 5 триллион долларға жетіп, оның әлемдік технология индустриясындағы үлесі 30 пайызға дейін артпақ. – Біз Қытайдың Жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жаһандық ұйым құру бастамасын қолдаймыз. Бұл мәселе бойынша мен кеше тарихи шаһар Тяньцзинь қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті кезінде ашық түрде мәлімдеме жасадым. Қазақстанда цифрлық экономиканы дамыту бойынша жүйелі шаралар қолға алынуда. Жасанды интеллект технологиясын кеңінен қолданысқа енгізу үшін ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Биыл Қазақстанда аймақтағы алғашқы Суперкомп…

Қазақстан мен Қытай: Серіктестіктің жаңа белестері

Президент: «Қытай бизнесінің өкілдері елімізден сенімді серіктестер таба алады» Мемлекет басшысы қаржы секторындағы қазақ-қытай іскерлік байланысын нығайтуға шақырды. – «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстандағы тартымды инвестициялық ортаның берік негізі саналады. Бұл орталықта көптеген елдің 4 200-ден астам компаниясы жұмыс істеп жатыр, солардың қатарында 850 қытай компаниясы бар. Қазақстан даму банкі Қытайдың жетекші қаржы институттарымен ынтымақтастық аясында еурооблигацияны Қытай юанымен (Dim Sum bonds) орналастыра бастады. Бұл Орталық Азиядағы дәл осындай тұңғыш келісім болды. Осы өте маңызды қадам халықаралық инвесторлардың Қазақстанның қаржы жүйесіне сенімін нығайта түсті, – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде ауқымды инвестиция тартуға барынша қолайлы жағдай…

«Бір белдеу, бір жол»: Еуразия көлік дәліздерінің болашағы

Президент көлік-транзит саласындағы серіктестікті тағы бір басымдық ретінде атады. Мемлекет басшысы 150-ден астам елдің қолдауына ие болған «Бір белдеу, бір жол» мегажобасының зор әлеуетін атап өтті. – Бұл жаһандық бастама «Бір белдеу, бір жол» бағыты бойынша сауда-логистикалық операциялардың барлық қатысушысына жыл сайын 1,5 триллион долларға дейін пайда әкеле алады. Солтүстік – Оңтүстік және Шығыс – Батыс, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік дәліздерінің мүмкіндігі мол. «ТрансАлтай диалогы» бастамасының жүзеге асырылуына үлкен үміт артамыз. Аталған жобаға Қазақстан, Ресей, Қытай және Моңғолия елдері қосылып, Еуразиядағы «Алтай» аймағының жер көлемі, халық саны, экономикалық қуаты секілді бірегей әлеуетін тиімді пайдалана алады. Ірі жобалар мен жоспарларды іске асыру үшін мемлекеттер…

Тоқаев ШЫҰ елдерінде жасанды интеллект дамуын жеделдетуді ұсынды

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары технологиялар және цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты жандандыру қажеттігіне назар аударды. Оның айтуынша, бұл істі кейінге қалдыруға болмайды. 2033 жылға қарай жасанды интеллект нарығының көлемі 5 триллион долларға жетіп, осы сектордың әлемдік технология индустриясындағы үлесі 30 пайызға дейін ұлғаяды. – Басқа стратегиялық бағыттарға қарағанда аталған саланың дамуы өте жылдам. Жасанды интеллектіні қарқынды дамытуда ШЫҰ әлемде көш бастай алады деп есептеймін. Сондықтан Қытайдың Жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық бойынша жаһандық ұйым құру туралы ұсынысын толық қолдаймыз. Мұндай өте маңызды іске қомақты үлес қосуға дайынбыз. Қазақстан цифрландырудың барлық спектрі бойынша ынтымақтастықты арттыруды, соның ішінде экономиканың нақты секторл…

Тоқаев ШЫҰ-ның Су мәселелерін зерттеу орталығын ашуды ұсынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының Су мәселелерін зерттеу орталығын ашуды ұсынды Мемлекет басшысы экология саласындағы ықпалдастықты маңызды міндет деп атады. – Климат өзгерісі шекара таңдамай,әлемнің көптеген елі мен өңіріне қауіп төндіріп отыр. Нақты қатерлерге, мәселен, шөлейттенуге, құрғақшылыққа, су қоймаларының тартылуына, мұздықтардың еруіне және басқа да экологиялық мәселелерге қарсы күрес стратегиясын бірлесе әзірлеу өзекті. Сондықтан Қазақстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының Су мәселелерін зерттеу орталығын ашуды қолдаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент келесі жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылғанына 25 жыл толатынын еске салды. – Халықтарымыздың игілігі жолында шын мәнінде салмақты, жан-жақты пысықталған нәтижеге қол жеткізу мақсатында б…

Қазақстан Президенті Словакияның Конституция күнін атап өтті

Мемлекет басшысы Словакия Президентін Конституция күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Словакияның Конституция күніне орай Петер Пеллегриниге құттықтау жеделхатын жолдады.

Президент жеделхатта Словакияның демократиялық институттарды нығайту және әлеуметтік-экономикалық өрлеу ісіндегі жетістіктеріне тоқталды. Сонымен қатар екі ел арасындағы достық пен өзара құрметке негізделген қатынастардың деңгейі жоғары екенін атап өтіп, оның одан әрі қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегринидің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Словакия халқына бақ-береке тіледі.

t.me/aqorda_resmi

Тоқаев Өзбекстан Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёев пен бауырлас халықты Өзбекстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Шавкат Мирзиёевтің қуатты әрі беделді басшылығымен Өзбекстан әлеуметтік-экономикалық дамуда, азаматтардың әл-ауқатын арттыруда және халықаралық аренада ұлттық мүддесін ілгерілетуде таңғаларлық табысқа жеткенін атап өтті. – Қазақстан Өзбекстанның стратегиялық серіктесі және сенімді одақтасы ретінде Сіздің еліңізбен сан қырлы мемлекетаралық байланысты одан әрі тереңдетуге баса мән береді. Қазақ-өзбек қарым-қатынасы ғасырлар бойы жалғасқан достық, тату көршілік және өзара қолдау рухында дами беретініне сенімдімін. Бұл бауырлас халықтарымыздың игілігіне қызмет етіп, сондай-ақ Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз е…

Тоқаев Малайзияның Тәуелсіздік күнін мерекелеген Ануар Ибрагимді құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагим мен оның отандастарын Малайзияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Малайзия арасындағы өзара түсіністік пен ортақ құндылықтарға негізделген қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагимнің аса жауапты қызметіне табыс, ал Малайзия халқына құт-береке тіледі.

t.me/aqorda_resmi

Қазақстан Президенті Қырғызстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өз атынан Президент Садыр Жапаров пен оның отандастарын Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

– Еліміз қазақ-қырғыз сан қырлы стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі тереңдетуге баса мән береді. Бірлескен күш-жігер арқылы ғасырлардан тамыр тартатын достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы мемлекетаралық байланыстарды нығайтуда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізетінімізге сенімім мол, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

t.me/aqorda_resmi

Президент Тоқаев Си Цзиньпинмен кездесуде Қазақстан-Қытай серіктестігінің маңыздылығын атап өтті

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи Тяньцзинь шаһарында қонақжайлық танытқаны үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтты. Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысуға шақыруды зор ықыласпен қабыл алғанын жеткізді. – Біз Сіздің еліңіздің осы ұйымға төрағалық етуін толық қолдаймыз. Ұйымның күн тәртібінде тұрған мәселелерді талқылау жұмысына белсене атсалысып жатырмыз. Сондай-ақ Сізді Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс пен Қытайдың жапон басқыншылығына қарсы соғыстағы жеңісінің 80 жылдығымен құттықтаймын. Сіздің еліңіз фашизмді жеңуге өлшеусіз үлес қосты. Қытай халқы соғыс жылдарында нағыз батылдық, шынайы отаншылдық, қайтпас қайсарлықтың озық үлгісін көрсетті. Мұны бәрі жақсы біледі және жоғары бағалайды, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті ҚХР…