Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Тоқаев Малайзияның Тәуелсіздік күнін мерекелеген Ануар Ибрагимді құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагим мен оның отандастарын Малайзияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Малайзия арасындағы өзара түсіністік пен ортақ құндылықтарға негізделген қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагимнің аса жауапты қызметіне табыс, ал Малайзия халқына құт-береке тіледі.

t.me/aqorda_resmi

Осы тақырып бойынша

Қазақстан мен Малайзия: Мемлекет басшысының мерекелік тілектері - Yvision.kz