Мазмұнға өту
akorda

akorda

Сайтта 2019 ж. 26 желтоқсан

Аккаунт является кросспостингом официального сайта Президента Республики Казахстан http://www.akorda.kz/

рейтинг

251

жазбалар

378

пікірлер

0

тіркелуші

19

жазылымдар

0

Қазақстан мен Қырғызстан: Стратегиялық серіктестік және достық қарым-қатынас нығаяды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Қазақстан мен Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысты Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың төрағалығымен Қазақстан мен Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің жетінші отырысы өтті. Мемлекет басшысы бауырлас қырғыз еліне шақырғаны үшін Садыр Жапаровқа алғыс айтып, бұл ресми сапарының мақсаты – қазақ-қырғыз байланысын нығайтып, өзара тиімді ынтымақтастықты күшейте түсу екенін жеткізді. – Біз жоғары саяси диалогтың арқасында екі елдің ықпалдастығын жаңа сапалы деңгейге көтереміз. Мен бұған кәміл сенемін. Қасиетті Алатаудың қос қыраны сияқты қазақ пен қырғыз – ежелден еншісі бір, тағдыры ортақ ағайынды халықтар. Қиын сәтте бір-біріне демеу, қуанышты күнде тілеулес бола білген елдер. Тарихтың талай тезінен аман өткен достығымыз…

Қазақстан мен Қырғызстан: стратегиялық ынтымақтастық және халықтар достастығы

– Қазақстан – біздің ең жақын көршіміз, Қырғызстанның сыртқы саясатында ерекше орын алатын бауырлас ел, негізгі сауда серіктестеріміздің бірі. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіздің қолдауыңыздың арқасында мемлекеттеріміздің арасындағы стратегиялық ынтымақтастық пен одақтастық қатынастар нық дамып келе жатқанын айрықша атап өткім келеді. Біздің халықтарымыз ертеден достық пен келісімде өмір сүрді, бір-бірін қолдап отырды. Қалыптасқан татулығымыздың негізінде біз барлық мәселені бірлесе шеше аламыз деп сенемін. Өйткені қырғыз бен қазақ – егіз секілді ұқсас елдер. Ұлы Абай «Еш қазақ қырғыз бен қазақтың бір тұқымдас екеніне таласпайды» деген, – деді Садыр Жапаров. Отырыс барысында сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселе…

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы министрлер деңгейіндегі кездесу

Жиында Қырғыз Республикасы Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары – Су ресурстары, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі министрі Бақыт Торобаев, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Қырғыз Республикасы Экономика және коммерция министрі Бақыт Сыдықов, Қырғыз Республикасы Көлік және коммуникация министрі Абсаттар Сыргабаев, Қырғыз Республикасы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директоры Абдикарим Алимбаев, Қазақстан Республикасының Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, Қырғыз Республикасы Энергетика министрі Таалайбек Ибраев, Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат, спорт…

Президент Астанадағы ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралап көрді

Президент Астана қаласы бойынша ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратына барды

Мемлекет басшысы Астана қаласындағы ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралап көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жедел орталық, қызметкерлердің жұмыс кабинеттері және заманауи талаптарға сай жабдықталған қызметтік бөлмелер таныстырылды.

Президент елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті материалдық-техникалық базамен жарақтандырылған жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстарына оң баға берді.

t.me/aqorda_resmi

Ақорданың ресми жаңалықтары Aitu мессенджерінде қолжетімді

Бүгіннен бастап Ақорда ресми жаңалықтарын Aitu ұлттық мессенджерінен де оқи аласыздар.

Арнаға сілтеме: @aqorda_official

С сегодняшнего дня официальные новости Акорды будут также доступны в национальном мессенджере Aitu.

Ссылка на канал: @aqorda_official

Шымкент қаласындағы экономикалық даму және инфрақұрылым жаңартулары

➤ Ғабит Сыздықбеков: ➡️ жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 31 пайызға ұлғайып, 360 миллиард теңгені құрағанын жеткізді. 🟦 Биыл өнеркәсіп саласында жалпы құны 680 миллиард теңге болатын өнім өндірілген. 🟦 Құрылыс қарқын алып, 517 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. ➡️ Шымкенттің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру үшін «Жұлдыз» және «Бозарық» жаңа индустриялық аймақтары іске қосылғанын айтты. 🟦 Шаһарда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 139 мыңнан асты. Аталған секторда 245 мыңға жуық адам жұмыс істейді. ➡️ Шымкент қаласының инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жайында баяндады. 🟦 Жаңаәуежай терминалы салынып, теміржол вокзалы реконструкциядан өтті. 🟦 «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 12 мектеп және Оқушылар сарайы пайдалануға бе…

Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада комитеттерінің жетекшілерімен кездесті

Президент Халықаралық паралимпиада комитеті (IPC) мен Азия паралимпиада комитетінің (APC) жетекшілерін қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Халықаралық паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонспен және Азия паралимпиада комитетінің президенті Маджид Рашедпен кездесті. Мемлекет басшысы паралимпиада қозғалысының маңызды миссиясын жоғары бағалап, еліміз осынау ізгі мақсатты қуаттайтынын атап өтті. Президент отандық паралимпиадашылардың әлемдік аренадағы табыстары Қазақстанның инклюзивті, орнықты және әлеуметтік жауапкершілік арқалаған мемлекет ретіндегі келбетін қалыптастыруға ықпал ететінін жеткізді. – Орайлы сәтті пайдаланып, бүкіл әлемде, Азия құрлығында және Қазақстанда паралимпиада қозғалысын ілгерілету бағытында атқарып жатқан жұмыстарыңызға ризашылығымды білдіремін. Сіздерме…

Паралимпиада қозғалысы: Қазақстанның спорттағы табысты дамуы

Эндрю Парсонс пен Маджид Рашед паралимпиада спортына және Астанада Азия паралимпиада комитеті Бас ассамблеясының 8-ші сессиясын ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты Олар Қазақстанда паралимпиада қозғалысы баршаға бірдей мүмкіндік қағидаты аясында жоспарлы әрі дәйекті түрде дамып келе жатқанына назар аударды. – Соңғы жылдары біз елеулі прогресс пен ерен табыстарға куә болдық. Парижде өткен Паралимпиада ойындарында Қазақстан керемет нәтиже көрсетті. Спортшыларыңыз тоғыз медаль жеңіп алды. Соның ішінде алғаш рет екі атлет алтын медальға ие болды. Қазақстан спортшылары өздеріне дейінгі атлеттердің ізін жалғап, өскелең ұрпақты жігерлендіріп келеді. Бұл кездейсоқтық емес, жүйелі жұмыс пен дұрыс таңдалған бағдардың нәтижесі. Біз Қазақстанның паралимпиадалық спор…

0
0
197

Тоқаев Талғат Мұсабаевтың өмірі мен ерлігін еске алды

Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы, мемлекет және қоғам қайраткері Талғат Мұсабаевтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.

– Талғат Амангелдіұлы үш мәрте ғарышты бағындырған, ашық космосқа шығып, айтулы ерлігімен еліміздің атынәлемге танытқан батыр тұлға еді. Отандық аэроғарыш саласын дамытуға бар күш-жігерін жұмсап, еселі еңбек етті. Сенат депутаты және қоғам қайраткері ретінде көптеген игі іске бастамашы болды. Кәсіби біліктілігімен, айналасына сыйлы азаматтық қалпымен халықтың құрметіне бөленген Талғат Амангелдіұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

t.me/aqorda_resmi

Тоқаев қаланың дамуына қатысты нақты тапсырмалар берді

Дархан Сатыбалды: ➤ шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады. 🟦 Биылғы бірінші жартыжылдықта қысқамерзімді экономикалық индикатор 11 пайызға өскен. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 25,4 пайызға артты. ➤ қаланың орталық бөлігіне түсетін жүктемені азайтуға, инфрақұрылымды теңгерімді бөлуге және қалада жайлы орта қалыптастыруға бағытталған полицентристік даму барысы жөнінде мәлімет берді. 🟦 Аудандар арасындағы тиімді байланыс пен қоғамдық көлік қызметін жақсартатын транспорт жүйесін құру мәселесіне ерекше назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев: 📌 шаһардың жоғарғы бөлігінде көппәтерлі тұрғын үйлер салуға және аумақты тарылтатын құрылыс жүргізуге мораторий енгізуді тапсырды. Бұл шектеу Бас жоспарда қарастырылған әлеуметтік нысандар…

0
0
111