Шымкент қаласындағы экономикалық даму және инфрақұрылым жаңартулары
➤ Ғабит Сыздықбеков:
➡️ жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 31 пайызға ұлғайып, 360 миллиард теңгені құрағанын жеткізді.
🟦 Биыл өнеркәсіп саласында жалпы құны 680 миллиард теңге болатын өнім өндірілген.
🟦 Құрылыс қарқын алып, 517 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген.
➡️ Шымкенттің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру үшін «Жұлдыз» және «Бозарық» жаңа индустриялық аймақтары іске қосылғанын айтты.
🟦 Шаһарда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 139 мыңнан асты. Аталған секторда 245 мыңға жуық адам жұмыс істейді.
➡️ Шымкент қаласының инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жайында баяндады.
🟦 Жаңаәуежай терминалы салынып, теміржол вокзалы реконструкциядан өтті.
🟦 «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 12 мектеп және Оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Шағын футбол орталығы мен спорт кешені бой көтерді.
➡️ жол-көлік инфрақұрылымының дамуы жөнінде айтты.
🟦 Оңтүстік айналма жолы және 2 ірі жолайрық пайдалануға берілді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін былтыр – 2 270, биыл 2 743 көше жарықтандырылды.
🟦 Президент тапсырмасына сай, активтерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.
🟦 Атап айтқанда, Мұз сарайы, Орталық су спорты кешені, №2 қалалық емхана, «Қияләлемі» технопаркі мен «Кең баба» саябағы мемлекет меншігіне өткен.
➤ Президент:
📌 қала экономикасын оданәрі әртараптандыру, қосымша инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті қолдау шараларын күшейту, әуежайға жаңа ұшу-қону жолағын төсеу, мектептердегі орын тапшылығы мәселесін шешу, қала тұрғындарын баспанамен қамту, сондай-ақ жол инфрақұрылымын жаңғырту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
