Алматы облсында қуаты 3МВт«Қапшағай»және қуаты 4,95 МВт «Сарыбұлақ»күн электр стансалары берілді.
Қапшағай қаласы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, жаңа күн электр станциялары күнді бақылау жүйелерімен жабдықталған. Трекер қондырғылары күннің қайда орналасқанын бақылайды және автоматты түрде күн модульдерінің тиімді бағытын қамтамасыз етеді. Осылайша, электр энергиясын өндіру фотоэлектрлік жүйенің статикалық орналасу әдісімен салыстырғанда орта есеппен 20-25%-ға артады.
Екі күн стансаларының жылдық болжамды өндірісі 14,1 млн кВт/сағ., бұл атмосфераға шығатын CO2 шығарындының 7,5 мың тоннасын болдырмауға мүмкіндік береді. Барлық электр энергиясы Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне түсетін болады.