Шетелдік жұмыс күшін тартуға қатысты ережелер мен шарттарға енгізілген ережелер түсіндірілді.
Атап айтқанда, өзгерістерге сәйкес, жұмыс беруші шетелдік жұмыскердің біліктілігі мен кәсіби тәжірибесіне сәйкестігі үшін толық жауапты болады және бұл туралы жазбаша растайды, сондай-ақ төртінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін тарту бөлігінде өзгерістер енгізілді. Төртінші санат бойынша рұқсаттар беру кезінде жұмыс беруші шетелдік қызметкерлердің бірдей лауазымдары бойынша алты айдан бір жылға дейін қазақстандық азаматтарды ауыстыруды жүзеге асырады.
Сонымен қатар, жаңа өзгерістер бойынша, егер маусымдық қызметкерлер үшін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 24 еселенген мөлшерінде (ағымдағы жылы-66672 теңге) алым мөлшерлемелері белгіленген болса, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай мөлшерлерде белгіленетін болады:
-күнтізбелік 90 күнге дейін – 12 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
-күнтізбелік 180 күнге дейін – 24 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
-күнтізбелік 270 күнге дейін – 36 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
-күнтізбелік 365 күнге дейін – 48 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Басқа санаттар үшін алым мөлшерлемелері өзгеріссіз қалады.
Алдағы уақытта жұмыс берушілер жыл сайын 1 қазанға дейін аумағында шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделетін жергілікті атқарушы органдарға шетелдік жұмыс күшіне қажеттілікке өтінімдерді ұсынады, осы уақытқа дейін өтінімдер 1 тамызға дейін қабылданған болатын.
Басқарма қызметкерлері кездесулер барысында қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріп, қатысушылармен диалог құрды.
Толығырақ: https://www.gov.kz/.../zhetysu/press/news/details/109641
