Перейти к содержимому
almatinskaya.nurotan.kz

Алмат. областной филиал

@almatinskaya.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 24 маусымКазахстан, Алматы

Официальный филиал партии "Nur Otan" в Алматинской области

рейтинг

250

жазбалар

493

пікірлер

0

тіркелуші

25

жазылымдар

24

Қазақ үнінің әлемде қатқыл шығуы үшін ұлт санын арттыру қажет.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халық санының өсуі үшін және бала сүю бақытына қол жеткізе алмай жүргендер үшін нәтижелі бағдарламаның басталуына мұрындық болды.

0
0
141

Құрметті Жетісулықтар!

Спикер: Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы- Алматы облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары. Төменде көрсетілген Фейсбук парақшасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар және сұрақтарыңызды қойсаңыздар болады

0
0
118

Құрметті жетісулық ұстаздар қауымы! Қымбатты оқушылар, білімгерлер мен ата-аналар!

Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірумен сипат алса, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалмақ. Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні мектеп табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндерді қарсы алады. Оқушылармен, білімгерлерге сәттілік, оқуда озат болуларыңды тілеймін. Ұстаздар қауымына бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жаңа жетістіктер, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Білім күні құтты болсын! Ізгі ниетпен, Жанболат Жөргенбаев, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

0
0
331

Алты жыл бұрын тарап кеткен министрлік қайта құрылады

- Ішкі істер министрлігі құрылымын оны бейінді емес функциялардан босатып, қайта қарау керек. Бұл осы маңызды ведомство жұмысының тиімділігін арттырады. Табиғи және техногендік апаттар дәуіріне енгенімізді ескере отырып, төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру қажет деп санаймын, - деді ел Президенті Жолдауда.

0
0
136

Жыл сайын бір көшені қайта-қайта жөндей беруді доғару керек.

Көп жағдайда қаржы тұрғындардың қажеттілігіне жұмсала бермейді. Бір көшені жыл сайын қайта қайта жөңдеу халықтың наразылығын тудыруда. Бұл орынды да, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

0
0
158

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жаңа экономикалық бағытының басты жеті қағидатын атады.

Бұған қарамастан экономика халықтың әл-ауқатын көтеруге жұмыс істеуін жалғастыру керек. Ұлттық табыстың әділ бөлінуі жөніндегі қоғамдық талап ескерілу керек. Яғни, табыс тиімді әлеуметтік жобаларға бөлініп тұруы керек. Сондықтан еліміздің жаңа экономикалық бағыты басты жеті қағидатқа негізделу керек. Біріншіден – міндеттер мен игіліктер әділ бөліну қажет, екіншісі – жеке кәсіпкерліктің басты рөлі, үшінші – әділ бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін жаңа нарықты ашу, төртінші – өндіріс көлемін арттыру. Бесінші – адам капиталын дамыту, білім берудің жаңа түріне инвестиция құю, алтыншы – қоршаған ортаны жасылдандыру экономикасы, жетінші – мемлекеттің басты мәселені шешуі мен соған қоғам алдында жауап беруі. Оның ішінде біз бәсекелесе отырып, өзіміздің нағыз әлеуетімізбен еңсеруіміз ке…

0
0
188

2025 жылға дейін 24 мың шақырым жол қайта жаңғыртылады

Көлік жүйесінің жаңа инфрақұрылымдық негізі қалыптасты. Елдің жаһандық көлік дәліздеріне жол ашты. «Нұрлы жолдың» 2-кезеңі көліктік-транзиттік сектордың көшбасшы рөлін нығайту үшін жұмыс істеуі керек. Елдің бәсекеге қабілеттігі қарқынды инфрақұрылымдық жобалардың есебінен өсуі керек. 2025 жылға дейін 24 мың шақырым жолды қайта жөндеп, барлық республикалық жолды сервиспен қамтамасыз ету керек, - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында жариялады.

0
0
124

Ұстаздардың жалақысы өседі. Бұл жайында ел Президенті дәстүрлі Жолдауында сөз етті.

Бұл мақсатта 1,2 трлн теңге бөлінді. Ұстаздардың жалақысы болашақта да көтеріліп отырады. 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамтамасыз етіледі, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

0
0
123

Ел Президенті Агроөнеркәсіпті дамыту бойынша жаңа ұлттық бағдарламаны әзірлеуді тапсырды

Үкімет пен бизнеске АӨК-ні дамытудың 5 жылдығына арналған жаңа ұлттық бағдарламаны әзірлеуді тапсырамын. Біздің басты міндетіміз – әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету, миллиондаған ауылдық тұрғынның жалақысын көтеру, еңбек өнімділігін 2,5 есеге көбейту және АӨК тауарының экспортын 2 есеге көтеру, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда.

0
0
147