Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрметті жетісулық ұстаздар қауымы! Қымбатты оқушылар, білімгерлер мен ата-аналар!

Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірумен сипат алса, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалмақ. Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні мектеп табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндерді қарсы алады. Оқушылармен, білімгерлерге сәттілік, оқуда озат болуларыңды тілеймін. Ұстаздар қауымына бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жаңа жетістіктер, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Білім күні құтты болсын! Ізгі ниетпен, Жанболат Жөргенбаев, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

0
0
332

Осы тақырып бойынша