Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жаңа экономикалық бағытының басты жеті қағидатын атады.

Бұған қарамастан экономика халықтың әл-ауқатын көтеруге жұмыс істеуін жалғастыру керек. Ұлттық табыстың әділ бөлінуі жөніндегі қоғамдық талап ескерілу керек. Яғни, табыс тиімді әлеуметтік жобаларға бөлініп тұруы керек. Сондықтан еліміздің жаңа экономикалық бағыты басты жеті қағидатқа негізделу керек. Біріншіден – міндеттер мен игіліктер әділ бөліну қажет, екіншісі – жеке кәсіпкерліктің басты рөлі, үшінші – әділ бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін жаңа нарықты ашу, төртінші – өндіріс көлемін арттыру. Бесінші – адам капиталын дамыту, білім берудің жаңа түріне инвестиция құю, алтыншы – қоршаған ортаны жасылдандыру экономикасы, жетінші – мемлекеттің басты мәселені шешуі мен соған қоғам алдында жауап беруі. Оның ішінде біз бәсекелесе отырып, өзіміздің нағыз әлеуетімізбен еңсеруіміз керек, - деді ел Президенті. Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жағдайдағы экономикалық даму жайлы айта келе, ұзақ мерзімді мұнайлы супер кезең аяқталғанын жеткізді.

0
0
189

Осы тақырып бойынша