Мазмұнға өту
aza1130230

Дамир Айтжанов

@aza1130230

Сайтта 2021 ж. 9 мамыр

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

63

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

"Үздік Әдеп жөніндегі Уәкіл" республикалық конкурсының өңірлік деңгейдегі 1-кезеңі өткізілді

▪️Бүгін 2021 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) Алматы облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында "Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл" республикалық конкурсының өңірлік деңгейдегі 1 кезеңін өткізді. ▪️Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 10-20 мамыр аралығында Департамент тарапынан өтініштер қабылданды. Облыстың жергілікті атқарушы органдарында барлығы 21 Әдеп жөніндегі Уәкілі бар, оның ішінде өңірлік іріктеуге 11 адам қатысты. ▪️Үздік Әдеп жөніндегі Уәкілді анықтау үшін мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, тәуелсіз сарапшылары өкілдерінің 5 мүшесінен тұратын өңірлік комиссия құрылды.Өңірлік комиссия Ғ. Тұрсынбай мырзаның…

0
0
286

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша ашық есік күні

2021 жылғы 17 мамырда Департаменттің бастамасымен, Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен «Білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» тақырыбында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының ғимаратында ашық есік күні өтті.

Ашық есік күнінің мақсаты - мемлекеттік қызметтердің сапасын және азаматтардың қанағаттану деңгейін арттыру. Бұл іс-шарада ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, мемлекеттік қызметтер көрсетуде консультациялық көмек жүргізілді. Кездесу барысында азаматтарға барлық қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті.

0
0
287

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау

Бүгін Департамент мамандарымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласы бойынша жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық, консультациялық қолдау көрсету мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының ғимаратында азаматтарды қабылдау өткізілді.

Қабылдау барысында қызмет алушыларға консультациялық көмек көрсетілді, сонымен қатар азаматтар өздерінің сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Бұл іс шара «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті

0
0
286