Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша ашық есік күні
2021 жылғы 17 мамырда Департаменттің бастамасымен, Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен «Білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» тақырыбында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының ғимаратында ашық есік күні өтті.
Ашық есік күнінің мақсаты - мемлекеттік қызметтердің сапасын және азаматтардың қанағаттану деңгейін арттыру. Бұл іс-шарада ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, мемлекеттік қызметтер көрсетуде консультациялық көмек жүргізілді. Кездесу барысында азаматтарға барлық қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті.
