Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Үздік Әдеп жөніндегі Уәкіл" республикалық конкурсының өңірлік деңгейдегі 1-кезеңі өткізілді

▪️Бүгін 2021 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) Алматы облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында "Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл" республикалық конкурсының өңірлік деңгейдегі 1 кезеңін өткізді.

▪️Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 10-20 мамыр аралығында Департамент тарапынан өтініштер қабылданды. Облыстың жергілікті атқарушы органдарында барлығы 21 Әдеп жөніндегі Уәкілі бар, оның ішінде өңірлік іріктеуге 11 адам қатысты.

▪️Үздік Әдеп жөніндегі Уәкілді анықтау үшін мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, тәуелсіз сарапшылары өкілдерінің 5 мүшесінен тұратын өңірлік комиссия құрылды.

Өңірлік комиссия Ғ. Тұрсынбай мырзаның кандидатурасын бірауыздан қолдап, оны Нұр-Сұлтан қаласында өткізілетін республикалық іріктеуде облыс атынан қатысуға ұсыныс жасады.

▪️Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті республикалық конкурстың 2-кезеңінде Ғ. Тұрсынбай мырзаға сәттілік пен жеңіс тілейді!

0
0
287

Осы тақырып бойынша

"Үздік Әдеп жөніндегі Уәкіл" республикалық конкурсының өңірлік деңгейдегі 1-кезеңі өткізілді - Yvision.kz