Қоғамдық қабылдау
"Nur Otan" партиясы Бөкей ордасы аудандық филиал қоғамдық қабылдау кестесіне сай, 28.01.2022 жыл облыстық мәслихат депутаты Габдуллин Исетай Есетұлы қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға Т.Масин ауылдық округ тұрғыны көп балалы ана Каримова Баян келіп өз мәселесін мәлімдеді.
01.06.2021ж. "Күміс алқаға" құжаттарды тапсырған әлі жәрдем ақысын жеңілдіктер алмаған айтты. Өз кезегінде Қайқыбасова Зауреш осы ауылдық округ тұрғыны жалғыз басты ана үкіметтен бөлінетін жәрдемақы алу үшін кеңес сұрады. Мәселе бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді. Тиісті мекемелерге хабарласып кеңес берілді. Алдағы уақытта мәселелерінің мүмкіндігінше шешілуіне көмектесетінін жеткізді.