Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ауыл тұрғындарымен кездесті.

"Nur Otan" партиясынан сайланған депутаттар ретінде аудандық мәслихат хатшысы Лариса Тельманқызымен бірге Сайқын ауылының батыс бетіндегі, яғни, теміржол арғы жағында тұратын тұрғындардың өтініш-шағымдары бойынша арнайы кездесіп, пікірлерін тыңдауға бардық. Сол жаққа қатысты А.Құсайынов, Қ.Сағырбаев, М.Абдолов көшелері тұрғындарының басты сұрағы жарық (свет) мәселесі. Қазіргідей қыстың кезінде бұл өзекті проблема. Әңгімелескенде тұрғындар "Бірнеше аулаға тозығы жеткен бір трансформатор қызмет көрсетеді. Кешкі мезгілде тартуы нашарлап сығырайып тұрады, ас үй, кір жуатын басқа да қызметтік техникаларды қосу қиындық тудырады, тартпай қалады, желді күндері светтің өшіп қалуы жиі болып тұрады" деген бағытта өз уәждерін айтты. Сондай-ақ, қаңғыбас иттердің көп болуы, қорадағы малға түсуі де осы беттің тұрғындарын мазалайды екен. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті тұлғаларға жеткізіп, шешімін табу бағытында жұмыстанатындығымызды айттық.

0
0
183

Осы тақырып бойынша

Ауыл тұрғындарымен кездесті. - Yvision.kz