Перейти к содержимому
bokeyorda.nurotan.kz

Бокейординский филиал

@bokeyorda.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 22 қыркүйекКазахстан

Официальный филиал партии "AMANAT" Бокейординского района Западно-Казахстанской области

рейтинг

250

жазбалар

888

пікірлер

0

тіркелуші

11

жазылу

1

«Adal» партиясы «Amanat» партиясының құрамына кірді

Бұл туралы «Amanat» партиясының кезектен тыс XXIII съезінде хабарланды.

Айта кету керек, «Adal» партиясының басшылығы «Amanat» партиясының құрамына ену туралы бастаманы биыл наурыз айында мәлім еткен болатын.

Бүгінгі съезде Мемлекет басшысы «Amanat» партиясының төрағасы ретінде өкілеттігін тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Ерлан Қошанов партия төрағасы болып сайланды.

0
0
234

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Amanat» партиясынан шықты

«Бүгіннен бастап «Amanat» партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдадым. Бұл қадамның символдық мәні бар. Осы орайда Президент сайлауында маған сенім артып, қолдағандарыңыз үшін баршаңызға алғысымды айтамын. Сондай-ақ жауапты сәтте партия тізгінін сеніп тапсырғандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін», - деді Президент партия съезінде.

Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы

0
0
215

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

"AMANAT " партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы жанындағыкізілді. Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселе бойынша кеңес төрайымы, аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиеваның төрағалығымен өтті. Отырысқа Омарова Нұргүл Жігерқызы, ,Құрмашев Исатай Рахметоллаұлы,Джумагулова Бибігүл Мұқасқызы, Елемесов Қуаныш Елеуұлы, Құрманғазиев Райымбек Валиханұлы, онлайын түрде аудандық мәслихат депутаттары Түсіпкалиева Аякөз Сатқанғалиқызы,Бейсова Айбарша Сырымқызы, Махимов Ғайса Темірболатұлы қатысты.

Отырыстың күн тәртібіне төмендегі мәселе ұсынылады:

Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстар. Аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Бижанов Аслан Жұмағалиұлы баяндамасы тыңдалды. Отырыс бойынша хаттамалық шешім қабылданды.

0
0
176

26 сәуірде «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII Съезді өтпек.

Бүгін «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII Съезді шақыру туралы шешім қабылдады.Оған барлық өңірлерден делегаттар қатысады. Съезд онлайн форматта өтеді. Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп дайындық іс-шараларын бастады.Съезд барысында «ADAL» саяси партиясының «AMANAT» партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарлануда.Сегодня Председатель партии «AMANAT» Касым-Жомарт Токаев принял решение о созыве внеочередного XXIII Съезда на 26 апреля т.г.В нем примут участие делегаты со всех регионов. Съезд пройдет в онлайн-формате. Центральный аппарат совместно с филиалами начал подготовительные мероприятия.Планируется, что в ходе Съезда будет рассмотрен вопрос о присоединении политической партии «ADAL» к партии «AMANAT».«AMANAT» партия…

0
0
179

"AMANAT" партиясының аудандық мәслихат депутаты ретінде қатысты.

Әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, күміс күлкісін аялау – абыройлы міндет. Бүгінгі балдырған – ел ертеңі, ұлт жалғасы. Бар жақсылықты балаларға көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі – саналы болып ержетуінен қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы жарқын.

Осы ретте қасиетті Рамазанда ауданымыздың белсенді жасы, жеке кәсіпкер Құресов Алтынбекпен бірлесіп "AMANAT" партиясының аудандық мәслихат депутаты ретінде бүлдіршіндерге тәтті тағамдармен қуаныш сыйлап қайтақан болатынбыз.

Сыйлық алған бүлдіршіндер дән риза. Бұл басты мақсат. Бұйырса бейнероликте жарияланады

0
0
180