Экспромт-кездесу өтті
Бүгін, Қазақстан Республикасының Президентігiне кандидат - Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру үшін қоғамдық штаб мүшелері Ақсай қаласының сауда орталығына барды. Сауда орталықтарындағы сатушылар және Ақсай қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді. Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы жазылған кiтапшаларды үлестiрді.Сайлаушыларды 20-қарашада болатын сайлауға шақырды. Жалпы кездескен азаматтар сайлауға баратындарын айтты.
#Toqaev2022
#ДауысберТоqaev2022
#ГолосуйЗаToqaev2022























