Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақсай қаласының №8 мектебінің мұғалімдерімен және қызметкерлерімен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 10 қарашасында Қазақстан Республикасының Президентігiне кандидат - Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру үшін Ақсай қаласының №8 мектебінің мұғалімдерімен және қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуде қоғамдық штабының мүшелері сайлауалды бағдарламаның "Әдiлеттi қоғам" деп аталатын бағыты бойынша өз ойларымен бөлісті.

Мектеп қызметкерлері жиналыстың соңында облыстық мәслихаттың депутаты - А. Агаевқа мектеп пен ескi Аралтал ауылына қатынайтын көлік туралы көмектесуiн өтiндi. Агаев Анвар Агаяроглы мәселенi шешу бойынша жұмыстанатынын айтты.

#Toqae2022

0
0
150

Осы тақырып бойынша

Ақсай қаласының №8 мектебінің мұғалімдерімен және қызметкерлерімен кездесу өтті - Yvision.kz