Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесу өтті

Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық штаб мүшелері Қ.Ермекбаев, С.Дүйсенов, Р.Ерманов ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесу өткізді.

Алдағы үш жыл ауылдық аймақтарды барынша дамытуға арналады. Ауылдағы тұрмыстың қаладағы сияқты жайлы болуына күш саламыз. Игерілмей бос жатқан жерлерді мемлекеттің меншігіне қайтару жұмыстарын тың қарқынмен жалғастырамыз. Ауылдық жерлерді дамытудың кешенді тұжырымдамасы қабылданады. Бүкіл елімізде ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылады. Жеке қосалқы шаруашылықтардың тең жартысы соның құрамына кіреді. Ауыл шаруашылығы саласында 350 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады. Жалпы, кооперативтерді дамыту үшін бюджеттен 1 триллион теңгеден астам қаражат жұмсалады -деген болатын Қ.Тоқаев. Сондықтан Қуатты Қазақстанды құруда әр азамат белсене ат салысуы керек- деді штаб мүшесі Қ.Ермекбаев

0
0
143

Осы тақырып бойынша

Ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесу өтті - Yvision.kz