Перейти к содержимому
burinsk.nurotan.kz

Бурлинский филиал

@burinsk.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 22 қыркүйекКазахстан, Аксай

Официальный филиал партии "AMANAT" Бурлинского района Западно-Казахстанской области

рейтинг

250

жазбалар

310

пікірлер

0

тіркелуші

28

жазылымдар

8

«Жастар - Отанға» керуені

Ауданымызда «Жастар - Отанға» керуені жолға шықты. Бұл керуен - ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында ұйымдастырылған жоба. Оның аясында өңір жастарына мемлекеттік бағдарламалар түсіндіріліп, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануына және жаңа жобаларды жүзеге асыруға шақыру мақсатында ақпараттық семинар-тренингтер өткізіледі. Кеше Жарсуат ауылдық округінде болып, Жарсуат, Приурал, Успен ауылдары жастарымен кездескен керуеншілер бүгін Бөрлі ауданында болып, Бөрлі, Қанай, Бумакөл ауылындағы жалынды жастармен кездесті. Құрамында белсенді, түрлі саланың мамандары бар керуен өңірдегі барлық ауыл-аймақты аралап, халық игілігіне арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндірді. Әсіресе ауыл жастар…

1
0
329

«Бірлік – елдің әл-ауқатын арттырудың басты кепілі»

Бүгін ағымдағы жылдың 18 қазанында аудандық " Достық үйiнде" "Бiрлiк - елдің әл-ауқатын арттырудың басты кепiлi" атты тақырыбында "AMANAT" партиясының саяси кеңес мүшелері мен кәсiпорындарда жұмыс жасайтын жастар бас қосты. "АқсайГазСервис" акционерлік қоғамның және "АқсайЖылуҚуат" мекемелерiнен келген жастар ел бiрлiгi туралы ойларын ортаға салды. Отырыста Бөрлі аудандық мәслихаттың хатшысы - Ермекбаев Қайрат Төлегенұлы тәуелсіздiктiң қадiрi жөнiнде, жастардың белсенділігі мен ел бiрлiгi жөнінде өз ойларымен бөлiстi, тарихи деректер келтiрдi. Басқосу барысында "Жастар практикасы" бағдарламасы мен "Дипломмен ауылға" бағдарламаларын жетілдіру керекті туралы жастар өз ұсыныстарын айтты. "АMANAT" партиясының "Ауыл аманаты" мен "Жер аманаты" жобалары туралы түсінік берілді.Партия филиалының А…

2
0
214

"Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында кездесу өтті

Бүгін 2022 жылдың 18 қазан күні "Пугачев" БПҰ - да "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында ауылдың бірқатар көп балалы аналарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында "Пугачев" БПҰ - ның төрағасы М.Изтелеуов көп балалы аналарға жылы тілектерін арнап, олармен мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың биылғы 01 қыркүйектегі Жолдауын талқылады. Кездесуге қатысушылардың пікірінше бұл Жолдауда халықтың әл ауқатын көтеретін жаңалықтар бар екенін атап өтіп, соның ішінде әсіресе Ұлттық қордың жыл сайынғы 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады деген шешім көңілімізден шықты деді.

3
0
226

Ақсу ауылдық округі тұрғындарымен кездесу

Бүгін Ақсу ауылдық округінде еліміздің басты заң құжаты Ата Заңымызға түзетулер мен өзгерістер енгізілуіне байланысты ауыл жастары мен тұрғындарына түсінік жұмыстары жүргізілді.

Конституцияға енгізілетін өзгерістерде әрбір қазақстандықтың мүддесі көзделеді. Сондықтан президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдум өткізу арқылы халықтың өзінің таңдау жасауына жол ашты. Президентіміздің пікірінше, референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік беріп, жан-жақты демократияландыру мен жаңа Қазақстанды құру жолындағы бағытымызды нығайтады.

#ReferendumAMANAT

0
0
224

"Конденсат" АҚ ұжымымен кездесу

Бүгін "Конденсат" АҚ ұжымымен кездесуде ҚР Конституциясына түзетулер бойынша жалпы республикалық референдум өткізу туралы ақпарат жеткізілді. Біздің елімізде болып жатқан орасан зор өзгерістер мен ауқымды реформалар Негізгі Заңды жаңартуды да талап етеді. ҚР Конституциясының 33 бабы өзгереді, оның ішінде президенттің өкілеттігі қысқарады, Парламент пен мәслихаттардың рөлі айтарлықтай күшейеді, азаматтардың қатысуы айтарлықтай кеңейеді және құқық қорғау саласы нығаяды. Конституциялық түзетулердің маңызы зор, ал референдум жариялау - "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының жарқын көрінісі.Біздің балаларымыз бен немерелеріміз қай мемлекетте өмір сүретіні бізге байланысты! Біздің әрқайсымыз жаңа Қазақстан үшін жауаптымыз! Біздің әрқайсымыз жаңа Қазақстан үшін жауаптымыз! ————————…

0
0
219

«Ардагерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында

9 -мамыр күні «Ардагерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Бөрлі ауданының әкімі Е.Н.Ихсанов Ұлы Отан соғысының ардагері Шепель Михаил Ивановичті Жеңіс күнімен құттықтап, ел қорғаудағы ерлігі үшін алғыс білдіре отырып, жастарға үлгі көрсетіп жүрген ардагерге мықты денсаулық тіледі. Бүгінгі күні Бөрлі ауданы бойынша 1 соғыс ардагері қалды. Ардагерге құрмет көрсетіліп, «Мәдениет» бастауыш партия ұйымы атынан көркемөнерпаздар әсем ән арнады. Осы күндегі, арамызда көз қуанышы болып жүрген Бөрлі ауылының тұрғыны, ардақты да, батыр атамыз - Шепель Михаил Иванович.Михаил Иванович 1926 жылы 18 наурыз күні Бөрлі ауданы Приурал ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ардагерлерге тағзым ету біздің қашанда…

0
0
223

Қоғамдық қабылдау

"AMANAT" партиясы Бөрлі аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Орал қаласының тұрғыны, Б.А.Лукпанова "AMANAT" партиясы Бөрлі аудандық филиалының атқарушы хатшысы О.Төлемісовтың қабылдауында болды.

0
0
217

"Өзгерістер жолы Әр азаматқа лайықты өмір!" Сайлауалды бағдарламасы аясында

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын іске асыру аясында "AMANAT" партиясының мүшелері, Бөрлі аудандық мәслихат хатшысы К.Ермекбаев, мәслихат депутаттары Б.Дюсенов, Н.Муфтеева, А.Еничев, Л.Елеусинов Бумакөл ауылдық округінде жаңадан ашылған "Людмила" наубайханасының жұмысымен танысты. Кәсіпкерлердің бизнес дамытуына болашақ жоспарлары туралы төңірегінде тілдесіп, ұсыныстары тыңдалды. Құрылысы біткен наубайхана халық игілігі үшін қызмет етуде.

0
0
240

"Өзгерістер жолы Әр азаматқа лайықты өмір!" Сайлауалды бағдарламасы аясында

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын іске асыру аясында "AMANAT" партиясының мүшелері, Бөрлі аудандық мәслихат хатшысы К.Ермекбаев, мәслихат депутаттары Б.Дюсенов, Н.Муфтеева, А.Еничев, Л.Елеусинов Бумакөл ауылдық округіне карасты Облавка ауылында 2021 жылы іске асырылған ауыз су құбырларының жұмыстарымен танысты. Ауыз сумен қамтамасыз етілген ауыл тұрғындарының қуанышы еселене түсті. Сапалы тіршілік көзімен 92 үй қамтамасыз етілген. Сайлауалды бағдарламаның Жол картасына енгізілген бұл жоба оң шешімін тапты.

0
0
210