«Бірлік – елдің әл-ауқатын арттырудың басты кепілі»
Бүгін ағымдағы жылдың 18 қазанында аудандық " Достық үйiнде" "Бiрлiк - елдің әл-ауқатын арттырудың басты кепiлi" атты тақырыбында "AMANAT" партиясының саяси кеңес мүшелері мен кәсiпорындарда жұмыс жасайтын жастар бас қосты. "АқсайГазСервис" акционерлік қоғамның және "АқсайЖылуҚуат" мекемелерiнен келген жастар ел бiрлiгi туралы ойларын ортаға салды. Отырыста Бөрлі аудандық мәслихаттың хатшысы - Ермекбаев Қайрат Төлегенұлы тәуелсіздiктiң қадiрi жөнiнде, жастардың белсенділігі мен ел бiрлiгi жөнінде өз ойларымен бөлiстi, тарихи деректер келтiрдi. Басқосу барысында "Жастар практикасы" бағдарламасы мен "Дипломмен ауылға" бағдарламаларын жетілдіру керекті туралы жастар өз ұсыныстарын айтты. "АMANAT" партиясының "Ауыл аманаты" мен "Жер аманаты" жобалары туралы түсінік берілді.Партия филиалының Атқарушы хатшысы О.Тулемисов осындай жобаларға қатысуға жастарды шақырды.




