"Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында кездесу өтті
Бүгін 2022 жылдың 18 қазан күні "Пугачев" БПҰ - да "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында ауылдың бірқатар көп балалы аналарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында "Пугачев" БПҰ - ның төрағасы М.Изтелеуов көп балалы аналарға жылы тілектерін арнап, олармен мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың биылғы 01 қыркүйектегі Жолдауын талқылады. Кездесуге қатысушылардың пікірінше бұл Жолдауда халықтың әл ауқатын көтеретін жаңалықтар бар екенін атап өтіп, соның ішінде әсіресе Ұлттық қордың жыл сайынғы 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады деген шешім көңілімізден шықты деді.


