Мәскеу биржасына салынған санкция Қазақстанға әсер ете ме?
Мәскеу биржасы – KASE-нің (Қазақстан қор биржасы) акционері.Фото: kapital.kzКеше АҚШ қаржы министрлігі Ресейдің Мәскеу биржасына санкциялар салды. Осыдан кейін онда доллар мен еуро саудасы тоқтады. Ал бұл биржа KASE акцияларының 13,1 пайызын иеленіп отыр (2024 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша).Бүгін еліміздің Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменовке «Қазақстан ресейліктердің сол үлесін сатып ала ма?» деген сұрақ қойылды. Жауап мынадай болды:«Біз халықаралық кеңесшілерімізбен ақылдаса отырып, түрлі нұсқаларды қарастырамыз. Жағдайға барынша терең мониторинг жасаймыз».Бұл жерде ең алдымен «осы жағдай Қазақстан қор биржасына әсер ете ме?» деген сұрақ туындайтыны хақ. KASE-дегілер оған «әсер етпейді» деп кесімді жауап айтты.Олардың сөзінше, акциялардың тек 50 пайыз және одан көп ү…
