Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

ШҚО-дағы балабақшада бюджет миллиондары жымқырылғаны анықталды

Алтай ауданындағы «Катюша» бөбекжай-балабақшасын штаттық кесте мен банк шоттарын салыстыру арқылы тексеру кезінде балабақша есепшісінің 3 жыл бойы өзіне артық жалақы мен бонустық төлемдерді аударғаны анықталды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасындағылар хабарлап отыр.

Ол өз есепшотына барлығы 12 миллион теңгеден астам ақшаны заңсыз аударған.

Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, одан әрі іс жүргізуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қызметі жүргізді.

Тергеу барысында есепші өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынды толығымен өтеген.

Соттың 2024 жылғы 30 сәуірдегі үкімімен кінәлі адамға сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде иемденіп жымқырғаны үшін (Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі) 3,6 жылға бас бостандығын шектеу және өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасы кесілді.

Сот актісі заңды күшіне енді.

0
0
210

Осы тақырып бойынша

ШҚО-дағы балабақшада бюджет миллиондары жымқырылғаны... - Yvision.kz