Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында Д.Бақытжанов «мемлекеттік тіл– қазақ тілі»атты семинар өткізді
2021 жылы 18 қаңтар күні Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында бас маман сот мәжілісінің хатшысы Д.Бақытжанов «мемлекеттік тіл– қазақ тілі» атты семинар өткізді.Семинар барысында Д.Бақытжанов сот мамандарына: «Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйенсек, Атазаң аясында бақ-берекетіміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Отбасы өзіміз де, Отанымыз – Қазақстан! Тіл меңгеруде ата-ананың рөлі ерекше екенін, әр отбасы уыз шағынан балаға қазақ тілін үйретуді қолға алса, бұл тілдің еш қиын…