Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Қазақтілі–рухани қазына» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында, бас маман сот орынысының хатшысы Э.Салманованың «Қазақтілі–рухани қазына» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының мамандары қатысты.

Өз сөзінде Э.Салманова: «Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің тірегі, қазақ тілі – тәуелсіз жұртымыздың мемлекеттік тілі және ол барлық отандастарымыздың ортақ мақсатқа топтастыратын ұлттық бірліктің басты факторы болып табылады. Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға енген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы. Ал, қазақ тілі – әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі.Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. Тіл байлығы – әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті», –деп айтып өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушы мамандар мемлекеттік тілдің дамуына қатысты өзекті пікірлерін ортаға салды.

Мәжілісті Э.Салманова қорытып, Қазақстан – әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы қажет екенін жеткізді.

В Жетысуском районном судегорода Алматы состоялся круглый стол под руководством главного специалиста суда Е. Салмановой, на тему «Қазақтілі–руханиқазына».

В мероприятии приняли участие специалисты Жетысуского районного суда города Алматы.

В своем выступлении Е. Салманова отметила, что: «Государственный язык является основой нашей независимости, казахский язык является государственным языком нашего независимого народа и является ключевым фактором национального единства, который объединяет всех наших соотечественников в общую цель. Уважение и любовь к родному языку должны начинаться с детства. Особое чувство и отношение к окружающим вас людям, к среде в которой вы выросли, к Родине, начинается с знания вашего родного языка. Язык - это инструмент развития духовного и культурного богатства людей.А казахский язык - один из самых богатых и красивых языков в мире. Казахский язык - это духовное сокровище нашего народа, бесценное наследие, передаваемое от отца к сыну, из поколения в поколение. Сколько бы мы ни говорили о природе родного языка, оно бесконечно. Все драгоценные вещи в руках гражданина изнашиваются, исчезают, а язык является одним из самых ценных наследий, которое не изнашивается. Язык - гордость каждой нации. «Каждый гражданин должен смотреть на свой родной язык как зеницу ока и противостоять неуместному искажению родного языка».

Специалисты, участвующие в круглом столе, поделились своими взглядами на развитие государственного языка.

Подводя итоги встречи, Е. Салманова отметила, что для того, чтобы стать одной из пятидесяти сильнейших и наиболее конкурентоспособных стран мира, Казахстану необходимо поддерживать казахский язык на высоком уровне.

0
0
126

Осы тақырып бойынша

«Қазақтілі–рухани қазына» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті. - Yvision.kz