Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жетекші маман А.Баймухамбетова «қазақ тілі – мәңгілік елдің жасампазы» атты семинар өткізді

2020 жылы 28 қазан күні Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында жетекші маман А.Баймухамбетова «қазақ тілі – мәңгілік елдің жасампазы» атты семинар өткізді.

Семинар барысында А.Баймухамбетова сот мамандарына: «Ұрпақ тәрбиесінің маңызына қазақ зер салып, оған ерекше мән берген. Елбасымыз әр жылғы Жолдауларында ұдайы тілге тиек етіп келеді. «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын да Н.Ә.Назарбаев қазақ тілі туралы өзінің өте кең көлемдегі ойын жеткізіп айтты. Ал, ел мен тіл – егіз ұғым. Мәңгілік сөзі бабалардан мирас болып келе жатқан мәңгі өлмейтін қазынамыздың бірі – ана тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Біздің мәңгілік, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қол­да­натын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемле­кеттік тілде болуы тиіс. Өйткені, өрке­ниетті құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек», - деп жеткізді.

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

Осы тақырып бойынша

Жетекші маман А.Баймухамбетова «қазақ тілі – мәңгілік елдің жасампазы» атты семинар өткізді - Yvision.kz