Мазмұнға өту
madenyet

Мәдениет

@madenyet

Сайтта 2018 ж. 15 қаңтар

Еліміздің мәдениет жаңалықтары

рейтинг

100

жазбалар

6

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылу

1

Митхун Чакраборти Шымкентке келеді

Үндістанның ең танымал, әрі ең қымбат актері Митхун Чакраборти таяуда Оңтүстік Қазақстан облысына түсірілімге келеді. Ол тарихи лентаның құрылымына қатысады."Біз сәуірде фильм түсіреміз, Чакрабортидің қатысуымен таза үнді фильмі. Үлкен қамал соғамыз және фильмнің Шымкентте түсірілгені барлық жерде айтылады", - дейді Мира Қарсақпаева.Сонымен қатар, таяуда қазақстандық режиссерлар тұңғыш рет Лондондағы кинофестивальге қатысады. Мира Қарсақпаеваның айтуынша, 2016 жылдан бері түсірілген толықметражды кез келген фильм қатыса алады. Кинофестивальдің басты қонағы Голливуд жұлдызы Бред Питт болады.Митхун Чакраборти 200-ден аса фильмге түскен актер. Ең танымал әрі жалақысы жоғары төленетін актерлердің бірі. 1982 жылғы шыққан «Disco dancer» фильмінен кейін оның атағы жер жарды. Ол үнді актрисасы Йо…

1
0
549

Қайрат Түнтеков Қытай халқын мойындатуға аттанбақ

Бұл туралы Түнтеков Ratel.kz сайтына берген сұхбатында айтты. "Маған көрші елдерден түрлі ұсыныс түсіп жатқаны рас. Ресейлік продюсер Максим Фадеев те бірігіп жұмыс жасағысы келетінін жеткізді. Бірақ менің таңдауым Қытай еліне түсті. Бұл жөнінде арнайы келісімшарт та жасасып қойдық. Алла қаласа, ата-анамның батасын алып, сол жаққа аттанамын. Қытайды таңдаған себебім, бұл өте алып мемлекет. Халқының саны да айтарлықтай көп. Сол көпті өнеріммен мойындата алсам, ары қарай Америка асып кетуім де мүмкін. Неге десеңіз, мойындау керек біздің елде шоу-бизнес жоқ. Той-бизнес қана мығым дамыған. Өйткені өнерпаз атаулының барлығы халықтың тойының арқасында нәпақасын айырып жүр. Ал мен шоуды таңдаймын. Сол себепті кісі еліне кетіп бара жатқан жайым бар. Бұл туған жерімнен жерігендіктің белгісі емес.…

0
0
423

Ninety one: Той бизнеске қатыспай қалай музыкада пайда табуға болады

Топ 2014 жылдан бастап ORDA Brothers компаниясы ұйымдастырған K-Top Idols жобасының негізінде жиналды. Жоба жеңімпаздары Азамат Зенкаев (A. Z.) және Дулат Мұхаметқалиев (Zaq) бірінші болып Ninety one қатарына қосылды. Содан кейін кастинг арқылы оларға Батырхан Маликов (Alem) және Данияр Кулумшин (Bala) қосылды. Азамат Ашмакын (Ace) Оңтүстік Кореядағы SM-Entertainment-да машықтанудан кейін топтың мүшесі болды. Жігіттер тек ән айтып, рэп оқып, би билеп қана қоймай, әндерін және сол әндердің музыкаларын жазады.Ninety One Q-pop (Qazaq-pop) жаңа музыкалық жанрының негізін қалаушы болып табылады - K-pop (Korean-pop) сәніне ұқсас. Еркін және тәуелсіз ән айту, киіну үлгісін таңдаған олар өнерлерінің басында сырт келбеттері үшін өткір сынға ұшырады. Осыған қарамастан, олар өз стилін сақтай отырып,…

5
0
1011

Қазақ халқының туыстық атауларын білесіз бе?

Баба – арғы ата, үлкен ата Ата – әкесінің әкесі, бергі ата Әже – әкенің шешесі, үлкен әже Әке – өзінің туған әкесі Ана – өзінің туған шешесі Аға – өзінен үлкен ер бала Aпа – өзінен үлкен қыз бала Қарындас – өзінен кіші қыз бала Іні – өзінен кіші ер бала Сіңлі – aпадан кейінгі қыз бала Ағайын – бауырлас, аталас адамдар Нағашы – шешесінің туыстары Қайын жұрт – әйелінің немесе күйеуінің туыстары Жеңге – ағаның әйелі Жезде - әпасының күйеуі Келін – інісінің әйелі Күйеу бала – сіңлінің күйеуі Жиен – ападан не қарындастан туған бала Жиеншар – жиеннен туған бала Бөле – шешенің апасы не сіңлісінің ұл-қыздары Балдыз – әйелінің інісі не сіңлісі Бажа – әйелінің әпкесінің не сіңлісінің күйеуі Абысын – қайын ағасының әйелі Ажын – қайын інісінің әйелі Құда – күйеу мен қалыңдықтың аталары мен әкелері, а…

1
0
841

Асанәлі Әшімов пен Бибігүл Төлегенова Тұңғыш Президент стипендиясын алды

75 әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия тағайындалды. Олардың арасында Асанәлі Әшімов, Мырзатай Жолдасбеков, Сәбит Досанов, Бибігүл Төлегенова және басқалар сияқты өнер шеберлері бар. Сондай-ақ, жас таланттарға да мемлекеттік қолдау көрсетілді, олардың ішінде Медет Шотабаев, Ирина Тен, Жамбыл Дүйсенов, Әділ Ахметов және басқалар бар.Әбдіқалықова Қазақстанның шығармашылық интеллигенциясының өкілдері Елбасының халыққа «Төртінші индустриалды революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» және еліміздің мәдениеті мен өнерін одан әрі дамыту міндеттерін іске асыруға елеулі үлес қосатынына сенімін білдірді.Айта кету керек, стипендиялар жыл сайын Қазақстанның мәдениетінің құрылуына, сақталуына және дамуына қосқан үлесі үшін құрметті атақтар мен мемлекеттік наградалармен марапа…

1
0
564