Митхун Чакраборти Шымкентке келеді
Үндістанның ең танымал, әрі ең қымбат актері Митхун Чакраборти таяуда Оңтүстік Қазақстан облысына түсірілімге келеді. Ол тарихи лентаның құрылымына қатысады.
"Біз сәуірде фильм түсіреміз, Чакрабортидің қатысуымен таза үнді фильмі. Үлкен қамал соғамыз және фильмнің Шымкентте түсірілгені барлық жерде айтылады", - дейді Мира Қарсақпаева.
Сонымен қатар, таяуда қазақстандық режиссерлар тұңғыш рет Лондондағы кинофестивальге қатысады. Мира Қарсақпаеваның айтуынша, 2016 жылдан бері түсірілген толықметражды кез келген фильм қатыса алады. Кинофестивальдің басты қонағы Голливуд жұлдызы Бред Питт болады.
Митхун Чакраборти 200-ден аса фильмге түскен актер. Ең танымал әрі жалақысы жоғары төленетін актерлердің бірі. 1982 жылғы шыққан «Disco dancer» фильмінен кейін оның атағы жер жарды. Ол үнді актрисасы Йогите Балиге үйленген. Үш ұлы және бір қызы бар. Үлкен ұлы – Мимох Чакраборти әкесінің ізін қуған, екінші ұлы – Римох «Phir Kabhi» фильмінде Митхунның кішкентай кезіндегі рөлін сомдаған.
