Мазмұнға өту
mereykosyn

Merey kossyn

@mereykosyn

Сайтта 2015 ж. 23 қыркүйекКазахстан, Алматы

Wish to change the world

рейтинг

100

жазбалар

22

пікір

1

тіркелуші

1

жазылымдар

4

Төстіктің қателігі

О, Жак Деррида сіз менің уақытымды алдыңыз!1- НиетОл ақылды емес, ол бақытты емес, ол атақты емес, ол бай емес, ол өжет емес, ол соқыр емес және болатын.Ол: Менің ағаларым қайда?Анасының көзі: 32- жылдары олардың сүйектерін ит мүжіп жатқанын көргем.Ол: Өтірік.Анасының құлағы: 45- жылдары оларды құтырған бомбаның дауысы жұтып қойғанын естігем.Ол: Өтірік.Анасының мұрыны: 86-жылдары жерге сіңген олардың қаңсық қандарының иісін сезгем.Ол: Өтірік.Анасының қасы: Олар өлген жоқ.Ол: Сіз мені алдап келдіңіз, енді мен сізді жақсы көрмеймін.2- НиетКомпанияның ең астыңғы жасырын кеңістігінде орналасқан бұл бөлменің есігін тек ол мен оның бастығы ғана білетін. Сағат түнгі 3:42. Ол үшін күн мен түннің соншалықты айырмашылығы мен маңыздылығы жоқ еді. Тек уақыт ғана бар. Бірнеше компьютер қатар тұрған он…

1
0
1915

Aккаунттағы тербеліс

Мен жазып жатырмын, тағы жаздым, қайта- қайта жаздым. Бірақ ол тыныш. Шаршағанымды сезсем де әріптермен ойнап, қара жіптің үстінде отыра бердім.Ол аялдамаға жетті, құлады. Қолынан түскен ақ қағаздарды жер көтеруден ауырсынды ма анда- мұнда итере берді, бірақ жел жоқ. Қарауытқан туман ішінен бөтен, әлдебір сұлу әжімді бейне оны түртпектеп зорлықпен оятып алған сияқты. «тұра ғой, жедел жәрдем шақырайын ба, бәрі дұрыспа?» деп күйбектенеді бөтен. Ол түсінен шошып ояна салған бейбақ сияқты басын жұлып алып, жердегі ақ қағаздарды жинай бастады.- Мен Нильсен компаниясынанмын. Бізде маркетинг жүріп жатқан, менің бірнеше сұрағыма жауап бере аласыз ба?- сізде бәрі дұрыс па?- сізді мына мобельдік абаненттердің қайссы қызықтырады, қайссын жиі пайдаланасыз? (ол осы жерде жымип езу тартуы керек еді, бі…

1
0
581

Жамандықты қорғау

«Жамандық дегеніміз - адамдардың жақсылыққа бағытталған, бірақ сәтсіз шыққан іс -әрекеттері. Жамандық - біз іздеп жүрген өмірдің мәні. Нақтырақ айтқанда, мәнге жеткізетін ауыр жол. Күн сайын facebook парақшасынан көретін жан түршігерлік оқиғалар менің миымнан өтіп, қаныма араласады. Содан кейін мен бәрін түсіне бастаймын. Бәрінің бақытты болғысы келетін еді.»Мен бұны ұрлап оқып қойдым, бірінші досымның құпия күнделігінен. Үйде ешкім жоқ болатын, өзімді қоспағанда. Сағат тіліне асылдым да қалдым. Ол қозғалған сайын ғана мен өзімнің өмір сүріп жатқанымды сезе бастаймын, бірақ мен тиіспесем үйдегі заттар қозғалмайтыны мені шаршатады. Бірінші досым әлеуметтанушы. Бұл пәтерде екеуміздің бірге тұрып жатқанымызға біраз уақыт боп қалды. Ол қазір Германиялық ғалымдармен бір жобада жұмыс істеп жаты…

1
0
626

Тозақты есту

Мазасы кете бастады. Жарқылдаған шамдар мен есірік музыкамен елірген жалаңаштар оның көздерін шаршата берді. Ортасында отырып қалды. Қолдары құлағына қарай жүгірді, бір- бірін танитын еді. Құлағын қатты басқан сайын лаулаған оттың дауысын естиді, қолдарын босата қойса, айналасындағы ессіз өлік шу лап ете қояды, ол қызық көріп құлағын қайта басады, енді лаулаған оттың дауысы өзінің дәл миынан шығып жатқандай сезіледі. Бұлдыраған әжімді бейненің бұл о дүниедегі тозақтың дауысы, егер жамандық жасаса адамдар өлгенде осы жерге баратынын айтқан ескі мыжғау үн оның есіне түсті. Қалай болғандада өзінің қазіргі ақылына сыйдыра алмай қойған бала қиялды тағы шетке сыдырып тастады да, өскен көкірегін керіп жарқылдаған шамдар мен қосылып, ессіз өлік шудың ішіне қайта кіріп кетті.Тағы тұманды таң атты.…

1
0
844

Кішкентай қыз (Little miss)

«1944 жылы қалалық Хартфорд циркінің өртенген орнынан қатты күйіп қалған белгісіз қыздың мүрдесі табылды. Қыздың суретін жасап, барлық елдің газеттерінде жариялап, іздестіру жұмыстары жүргізілді. Алайда бірнеше жылға созылған іздестіру нәтижесі сәтсіз аяқталды. Кішкентай қыздың кім екені, қайда туғаны жұмбақ күйінде қалды. Қыздың құлпытасына мәйітханадағы «1565» нөмірі және «Кішкентай ханым» деп жазылған.» Бұл менікі емес. «Массагент» сайтындағы «әлемдегі ашылмай кеткен құпиялар» деген былықпалар арасынан тауып алдым. Басым айналып қалды, екі күн бұрын осы оқиғаның бер жағына жарап қалар ұқсас бірдеңе естіген сияқтымын деп отырдым да қалдым. Оның аты сары шелпек болатын. Басы қазандай сап- сары кластасымның тіпті шын атын атай бермейтін едік, байқұстың. Ағасыда өзіне ұқсас біреу болатын.…

1
0
723