Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Aккаунттағы тербеліс

Мен жазып жатырмын, тағы жаздым, қайта- қайта жаздым. Бірақ ол тыныш. Шаршағанымды сезсем де әріптермен ойнап, қара жіптің үстінде отыра бердім.

Ол аялдамаға жетті, құлады. Қолынан  түскен  ақ қағаздарды жер көтеруден ауырсынды ма анда- мұнда итере берді, бірақ жел жоқ. Қарауытқан туман ішінен бөтен,  әлдебір сұлу әжімді бейне оны түртпектеп зорлықпен оятып алған сияқты. «тұра ғой, жедел жәрдем шақырайын ба, бәрі дұрыспа?» деп күйбектенеді бөтен. Ол түсінен шошып ояна салған бейбақ сияқты басын жұлып алып, жердегі ақ қағаздарды жинай бастады.

- Мен Нильсен компаниясынанмын. Бізде маркетинг жүріп жатқан, менің бірнеше сұрағыма жауап бере аласыз ба?

- сізде бәрі дұрыс па?

- сізді мына мобельдік абаненттердің қайссы қызықтырады, қайссын жиі пайдаланасыз? (ол осы жерде жымип езу тартуы керек еді, бірақ ол жағы қарысып қалғандай дұрыс сөйлей де алмай тұр) Мыналардың  Activ, Beeline,  Kcell, Tell 2, Altel қайссы сіз үшін тиімді, мысалы, интернет пайдалану үшін, қоңырау шалу үшін, сізді мативациялық  ойындар қызықтырады ма? (бұл сөздерді үзіп- үзіп аузынан зорға тартып шығарып тұр)

-  Рахмет, сізге ешқандай көмек керек емес пе?

- Менің сұрақтарыма жауап беріңізші? Оның дауыстары дірілдеп кетті, қара сымдар ішіндегі сол смайлктің түрі оның ішіне тығыла түсті.

- кешіріңіз!

Сұлу әжімді бөтен бейне ауамен тіресіп, тығылысып кетіп бара жатты. Ол қағаздарын құшақтап тұрып, автобус келуін күтті. Маңдайындағы кекілін артына қайырды да адамдардың ішіне кіріп кетті. Жол бойы ол ештеңе ойлай алмады. Оның кеудесінде тек қара сымдар ішіндегі тербелістер ғана жүріп жатты.

Ол әдемі үйге келді. Бәрі оның табанының астында жайылып жатты. Ол баса береді. Жерге құлаған жамбасы ауырсынып тұрғанан енді сезді. Жуынып алып дем алу керектігін ол енді түсінген еді, бірақ қолындағы қағаздарды офиске өткізетін уақыт болып қалған. Душқа кірді. Ол айнаға қарағанда сақал -мұртының біраз өсіп қалғанын көрді де қырына бастады. Жүзі ашылды. Қас -қабағының терісі дірілдеп қозғалып тұрғанын көргенде барып ол өзінің жылап тұрғанын білді, бірақ айнадан ештеңе көрінбеді. Қара сымдар ішіндегі сол смайлктің түрі оның ішіне тығыла түсті.

Костюм- шалбарын киіп, реттелді. Столдағы қағаздарға қарап тұрды да, жартысынан астамын әлі толтырмағанын көрді. Қаламды алды да бос тұрған барлық кестелер мен орындарды зымыратып шимайлап бірдемде бітіре қойды. Бәрін жинап файлға салды да шығып кетті.

Нильсен(Nielsen) холдинг ғимаратының алдына келді. Өте биік. Ол есіктен кірмей тұрып ғимараттың ең жоғары нүктесіне қарап тұрды. Ол өзінің соншалықты кішкентай жаратылыс екенін түсінді. Қалтасындағы телефонын алып, өз аккаунтын өшірді де,  баспалдақпен көтеріле берді.

Мен жазып жатырмын, тағы жаздым, қайта- қайта жаздым. Бірақ ол тыныш. Шаршағанымды сезсем де әріптермен ойнап, қара жіптің үстінде отыра бердім. Тағы бір аккаунт бос қалды.

1
0
582

Осы тақырып бойынша

Aккаунттағы тербеліс - Yvision.kz