Мазмұнға өту
orazali

orazali

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

103

жазбалар

626

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

Түркістан облысында қаңлы дәуіріне тиесілі айна табылды

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-нің археология орталығы Түркістан облысының Ордабасы ауданы Қарааспан ауылдық округінің Төлебайтөбе қорымындағы 3 обаға қазба жұмыстарын жүргізді. Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазба жұмыстар нәтижесінде зерттеушілер Қаңлы дәуіріне тиесілі Хань әулетінің айнасын тапқан. Әйел адамның қабірінен табылған қола айна жоғары дәрежеде бағаланып, оны ауқатты, бай-қуатты адамдар ғана қолдана алған. Яғни тарихи жәдігерге қарап, қайтыс болған адамның жоғары дәрежелі қызметте болғанын білуге болады. Айнаның пішіні дөңгелек, ортасында жіп өткізуге арналған тесігі бар, ал беткі жағы 8 аркалы келген. Бұған дейін осыған ұқсас айналар Кушан империясының орталығы - Ауғанстан аумағындағы Тилля тепе қалашығынан және оңтүстік Оралдағы сармат патш…

0
0
348

Qazaq Air-ді вьетнамдық компания сатып алып жатыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жабылу рәсіміне қатысып, сөз сөйледі. Qazaq Air-ді шетелдік компанияның жекешелендіріп алатыны осы жиында белгілі болды. Фото: kzavia.comМемлекет басшысының айтуынша, географиялық алшақтық пен байланыстың нашарлығы ұзақ жылдар бойы екі мемлекеттің экономикалық ықпалдастығын тежеп келді.Бүгінде жаһандану мен дамыған инфрақұрылымның арқасында елдер арасындағы өзара байланыс бұрынғыдан әлдеқайда жақсарды. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев отандық «Қазақстан темір жолы» компаниясы мен сингапурлық PSA International компаниясы арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытының немесе «Орта дәліздің» әлеуетін пайдалануға бағытталған синергиялық серіктестікті мысалға келтірді."Аталған бағыт Еуразия кеңістігіндегі ынтымақтастықты мүлдем…

0
0
555

БҚО тұрғыны терроризм идеясын насихаттады деген күдікпен ұсталды

2024 жылғы 22 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруі және полицияның көмектесуімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол лаңкестікті насихаттады деген күдікке ілінген.
Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды.
Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ұсталған адам бұрын ауыр жалпы қылмыстар жасағаны үшін сотталған.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

0
0
528

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапурға мемлекеттік сапары басталды

Мемлекет басшысы Сингапур Президентінің Istana сарайына келді.

undefined

Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент Тарман Шанмугаратнам қарсы алды. Қазақстан мен Сингапурдың әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді.

undefined

Содан соң Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Екі ел басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тарман Шанмугаратнам келіссөз өтетін залға барды.

t.me/aqorda_resmi110:00

0
0
394

Су тасқыны қаупі төнген ауыл тұрғындары басқа елді мекенге эвакуацияланды (видео)

Атырау облысы Жалғансай ауылының маңында Жайық өзенінің жайылмаларында су деңгейі көтерілді. Су жол төсеміне жақындады.

undefined

Қорғаныс бөгетін нығайту және жер үйіндісін салу жұмыстары жүргізілді.

Құтқарушылар сирена-сөйлеу құрылғыларын пайдалана отырып, жергілікті тұрғындарды хабардар етуде. Жағдай бақылауда.

Жалғансай ауылын су басу қаупіне байланысты халықты Махамбет ауылына алдын ала эвакуациялау жүргізілді.
Уақытша эвакуациялау пункті жергілікті мектепте орналасқан.

Сағат 04:00-дегі жағдай бойынша эвакуациялау пунктіне 154 адам орналастырылды, оның 96-сы балалар.

t.me/qr_tjm

0
0
381

Президент ертең Сингапурға барады

Мемлекет басшысы 23-24 мамыр күндері мемлекеттік сапармен Сингапур Республикасында болады.

undefined

Фото: journal.tinkoff.ru

Қасым-Жомарт Тоқаевты сол елдің Президенті Тарман Шанмугаратнам шақырған.

Сапар аясында Қазақстан Президенті Сингапурдың жоғары басшылығымен, халықаралық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді және Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жұмысына қатысады деп жоспарланып отыр.

t.me/aqorda_resmi

0
0
433

Қазақтың тұңғыш велосипедшісі кім?

Бір кезде осындай ой келіп, зерттеп көрген едім. Ол Мәділхан сұлтан Абылайханов болып шықты.Осыдан 127 жыл бұрын, 1897 жылғы 22 мамырда Омбыда қала тарихында алғаш рет веложарыс өткізіліпті. Осы жарысқа Омбы мұғалімдер семинариясында оқып жүрген Мәділхан да қатысып, алтын медалды жеңіп алыпты. Бұл мәліметті «1000 знаменательных событий из истории Омска» деген кітаптан кезіктірдім.Мәділхан – Абылай ханның ұрпағы. Әкесі – әйгілі "Дала уәлаятының газетінің" редакторы болған Есмұхамед Жошыұлы. Мәділхан Абылайханов офицер болған, Бірінші дүниежүзі соғысына қатысқан. Деректерде оның Дутовтың кеңесшісі болғаны, кейін Қытайға өтіп кеткені айтылып жүр.Айтпақшы, «Атаманның ақыры» киносындағы Абылайханов – осы Мәділхан. Оның рөлін Нұрмұхан Жантөрин ойнайды.(Сурет интернеттен алынды)Серікбол Хасанның…

0
0
476

Қордайда кафе өртенді

Жамбыл облысында кафеден өрт шықты.

undefined

Бүгін ерте таңда Қордай ауылында бір қабатты ғимараттың шатыры отқа оранды.
Өрт сөндірушілердің күшімен өрт оқшауланды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

t.me/qr_tjm

0
0
322

Ресейде коронавирустың жаңа нұсқасы анықталды

undefined

«Жүргізілген мониторинг тіпті бірлі-жарым жаңа гендік нұсқаларды анықтауға мүмкіндік береді. Бүкіл мониторинг кезінде жаңа FLiRT нұсқасына қатысты 178 жағдай анықталды», – деп хабарлапты Тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы қадағалау қызметі.

Ондағылардың айтуынша, вирустың жаңа варианты басқа штамдарға қарағанда аса қауіпті емес. Бұл жерде омикрон белсенді нұсқа болып қалып отыр. FLiRT пен омикронның белгілері ұқсас. Яғни адам қалтырайды, жөтеледі, тамағы, басы, бұлшық еттері ауырады, әлсіздік болады, дәм немесе иіс сезбей қалады.  

0
0
461

Тоқаев: "ШЫҰ табиғат апаттарымен күресу ісіндегі тәсілдерін жаңартуы қажет"

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерімен кездесу өткізді.Жиынды ашқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) қазіргі төрағасы Қазақстанның, сондай-ақ өз атынан барша Иран халқы мен оның басшылығына осы елдің Президенті мен Сыртқы істер министрінің қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айтты.Қасым-Жомарт Тоқаев шет мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешу жөніндегі ШЫҰ-ның маңызды форматтарының бірі екеніне тоқталды."Еліндегі ауыр жағдайға қарамастан Иранның, сондай-ақ алдағы уақытта қатарымызға қосылатын Беларусьтің өкілдері Астанадағы Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне алғаш рет қатысып отырғанын ерекше атап өткім келеді. Сіздердің елдеріңіз «шанха…

0
0
318