Мазмұнға өту
orazali

orazali

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

103

жазбалар

626

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

Қырғызстандағы шетелдік студенттер жаппай Қазақстанға келгелі жатыр ма?

ҰҚК баспасөз қызметі осы сұраққа жауап беретін хабарлама таратты.
undefined

Фото: dw.com / Қазақ-қырғыз шекара бекеті
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Бішкек қаласындағы түнгі тәртіпсіздіктерден кейін пәкістандық студенттер тобының Қырғызстаннан Қазақстанға өтуге жиналып жатқаны туралы кейбір БАҚ-та жарияланған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды.
Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде, Қазақстан мен Қырғызстанның шекарашылары Бішкек қаласындағы қалыптасып отырған жағдай туралы үздіксіз ақпарат алмасып отыр", - делінген хабарламада.

0
0
561

Словакия премьеріне тағы бір ота жасалды

Ота Словакия премьер-министрі Роберт Фицо о бастан жатқан Банска-Бистрица қаласындағы клиникада жасалған.

undefined

«Дәрігерлер оқ тиген жерде қалған шірік тіндерін алып тастады. Ота шамамен екі сағатқа созылды. Пациент бұрынғыдай қарқынды терапия палатасында жатыр. Ол есін жиды. Жағдайы тұрықты, бірақ ауыр», – деді аталған клиниканың директоры.

undefined

Словакия премьер-министріне бірінші ота қастандық болған күні жасалды.

Естеріңізге салсақ, Роберт Фицоға Гандлова қаласында бірнеше рет оқ атылған еді. Ол бұл кезде үкіметтің көшпелі отырысынан кейін жергілікті тұрғындармен кездесуге шыққан болатын.  

0
0
455

ӘЧ-2024: Еліміздің хоккейшілері тағы да жеңіліп қалды

Бұл ең ірі жеңіліс болды.

undefined

Швецияда өтіп жатқан хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Германия командасынан ойсырай жеңілді. Есеп - 2:8.

Ал голдар статистикасы мынадай болды:
1:0- Субер (Стаховяк, Петерка) - 01:02
2:0 - Туоми (Кастнер, Угбекиле) - 02:24
2:1 - Старченко (Рымарев, Панюков) - 07:59
3:1 - Петерка (Стаховяк, Виссманн) - 21:11
4:1 - Райхель (Пфедерль) - 28:29
5:1 - Кельбль (Петерка, Стаховяк) - 35:17
6:1 - Райхель (Петерка, Стаховяк) - 50:27
6:2 - Королев (Бойко, Асетов) - 51:52
7:2 - Тиффельс (Штурм) - 54:14
8:2 - Кастнер (Эхль) - 18:34

Мұның алдында біздің хоккейшілер Швеция құрамасынан 1:3 есебімен ұтылған еді.
Қазақстан енді АҚШ-пен 19 мамыр күні сағат 19:20-да, Польшамен 20 мамыр күні сағат 23:20-да ойнайды.


t.me/sportilinet

0
0
169

Енді қазақ тілін білмейтіндерге Қазақстан азаматтығы берілмейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.Фото: egov.kzЗаңда:қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі, тергеу изоляторларындағы және уақытша ұстау изоляторларындағы бейнебақылау жүйелерін бүлдіргені үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген;Үкімет айқындаған өңірлерге қоныс аударатын адамдар үшін шаруа немесе фермер қожалығына жер учаскелерін беру көзделген;қоныс аударушыларға және олардың отбасы мүшелеріне мемлекеттік қолдау ретінде көшуге субсидия, тұрғын үй жалдау, коммуналдық қызмет төлемдерінің шығындарына өтемақы, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттары секілді…

0
0
397

ҰБТ-дан өте алмадым деп, өзін өлімге қиған

"Кейбір дерек көздерінің хабарлауынша, Талдықорғанда жас қыз ҰБТ-ның нашар нәтижесінен кейін өз-өзіне қол салған. Жергілікті полицияның түсініктеме беруін сұраймыз.

Алдағы уақыттарда мектеп бітірушілер ҰБТ үшін күйзеліске ұшырайды", - деп жазады t.me/egovpress.

Ал осы жазбаның астындағы пікірлерге салынған дауыстық хабарда қызыдың ата-анасына "Кешіріңдер, мен ҰБТ-ны тапсыра алмадым" деген хат жазып қалдырғаны және оның ата-анасы әлі табылмағаны айтылған.

0
0
539

200-ден астам отбасы су тасқынынан қираған баспанасының орнына үй мен пәтер алды

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биылғы көктемде орын алған ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу жұмыстарын жалғастыруда.Фото: pixabay.comБүгінгі таңда 24 641 отбасы 9,3 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Мал шығыны үшін берілген мемлекеттік көмек көлемі 1,3 млрд теңгеден асты.17 мамырдағы жағдай бойынша бүгінде 202 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтерге ие болды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 658 жаңа үй салынып жатыр.Сонымен қатар 596 отбасына 878 млн теңгеден астам сомаға тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы төленді. Зардап шеккен өңірлерде барлығы 10 740 тұрғын үй тексеріліп, 8…

0
0
400

Қаржы пирамидасы арқылы 600-ден аса адамды сан соқтырған азамат Грузиядан елге әкелінді

Еліміздің Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен қаржы пирамидасын құрғаны жәнебасқарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында күдіктіні Грузиядан экстрадициялады.Оның құрған қылмыстық тобы 2020 жылы Маңғыстау облысында «Plus Capital» қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 600-ден астам салымшының жалпы сомасы 3 млрд теңгеден астам ақшалай қаражатын, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін заңсыз иемденген.Қылмыстық топ мүшелерінің бір бөлігі түрлі жаза түрлеріне сотталды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынған, соған байланысты халықаралық іздестіруге жарияланды.2023 жылғы қарашада ол Грузия аумағында ұсталды.Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәр…

0
0
420

Ақорда Малайзия Премьер-министрін қарсы алды

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
undefined
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ануар Ибрагим бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы Қазақстан Президенті мен Малайзия Премьер-министріне рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды.
undefined
Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ануар Ибрагим келіссөз залына барды.

undefined

0
0
266

Қазақстан мен Германия түрлі салада бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

Қазақстан мен Германия агроөнеркәсіп кешені, тау-кен металлургия кешені, энергетика, көлік және логистика салаларында бірлескен жаңа жобаларды іске асыруға мүдделі. Бұл туралы Берлин Еуразиялық клубының 40-шы мерейтойлық отырысында айтылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында өткен жиынға ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Германия экономикасының Шығыс комитеті басқармасының төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзер қатысты. Сондай-ақ шараға мемлекеттік және жеке сектор өкілдері, CLAAS, CT AGRO GmbH, Knauf International GmbH, Atlas International GmbH секілді Германияның жетекші компанияларының басшылары қатысты. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары өзінің алғы сөзінде Германияның еліміздің Еуропалық одақтағы ең маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық…

0
0
255

Билік Қытаймен арадағы тауар айналымын 100 миллиард долларға жеткізуді көздеп отыр

Президент ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Лю Гочжунды қабылдады.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Лю Гочжунды қабылдады.Әңгімелесу барысында қазақ-қытай стратегиялық серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары, сондай-ақ бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қол жеткізген уағдаластықтарды екі ел үкіметтерінің іске асыру барысы талқыланды.Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан Қытайдың сенімді серіктесі және солай болып қала береді. Сонымен қатар ҚХР-мен екіжақты қарым-қатынасты мүлде жаңа деңгейге көтеру еліміз үшін маңызды басымдық саналады."Қазақcтан мен Қытайдың жан-жақты стратегиялық серіктестігі мен мәңгілік достығы ұдайы дамып келеді. Б…

0
0
226