Словакия премьеріне тағы бір ота жасалды
Ота Словакия премьер-министрі Роберт Фицо о бастан жатқан Банска-Бистрица қаласындағы клиникада жасалған.

«Дәрігерлер оқ тиген жерде қалған шірік тіндерін алып тастады. Ота шамамен екі сағатқа созылды. Пациент бұрынғыдай қарқынды терапия палатасында жатыр. Ол есін жиды. Жағдайы тұрықты, бірақ ауыр», – деді аталған клиниканың директоры.

Словакия премьер-министріне бірінші ота қастандық болған күні жасалды.
Естеріңізге салсақ, Роберт Фицоға Гандлова қаласында бірнеше рет оқ атылған еді. Ол бұл кезде үкіметтің көшпелі отырысынан кейін жергілікті тұрғындармен кездесуге шыққан болатын.
