Мазмұнға өту
orazali

orazali

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

103

жазбалар

626

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

Ресейліктер Бишімбаев сотына неге үйірсектеп кетті?

Астанада өтіп жатқан бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысына кеше ғана ресейлік блогер (бір жерлерде коуч, журналист, жазушы, нейрохирург, психолог және тағы басқа делініп жүр) Наталья Грэйс келіп кетті.Фото: kursiv.mediaОл жәй келіп кеткен жоқ, жұртты шулатып кетті. «Бұл қайдан сап ете қалды?» дедік. Сөйтсек, Грэйс ханым Бишімбаевты ақтап, марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы, жәбірленуші Айтбек Амангелдіні даттауға келіпті.Өткенде осы сотқа ресейлік тағы бір журналист, тележүргізуші, ол да тағы пәленбай мамандығы бар, Ксения Собчак келіп, бір дүрлігіп алғанбыз. Бұл ханым дәл кешегідей шулатпаса да, артынан біраз сұрақ қалдырғаны анық. Мысалы, «сотта отандық журналистердің бәрі түрегеп тұрғанда, ол неге отыр?» деген сияқты. Бірақ Собчак ханым біреуге болы…

0
0
547

Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салатын болды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Мурад Юстел бастаған "Aksa Energy" компаниясының өкілдері кездесіп,  қуаттылығы 500 МВт-қа дейін жететін аралас циклды газ зауытын салу жобасын жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды.Шаһар әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қондырғының құрылысы биыл басталады.Мегаполис басшысы жаңа жобаны енгізу қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізіп, жергілікті бюджетке қосымша кіріс әкелетінін атап өтті.Құны 700 миллион АҚШ долларына жуықтайтын инвестициялық жобаны жүзеге асыру арқылы шаһар тұрғындарын сапалы электр және жылу энергияларымен және ыстық сумен қамтамасыз ету көзделіп отырғанын ерекше атап өткен жөн. Құрылыс кезінде 1000-нан астам жұмыс орны ашылады. Ал зауыт іске қосылғаннан кейін 200-ден астам жергілікті тұрғын…

0
0
399

Президент Ұлыбританияның Сыртқы істер министрін қабылдады

Ақордада Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмеронды қабылдады.Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның сыртқы саясат ведомствосының басшысына ілтипат білдіре отырып, оның Қазақстанға сапары екіжақты қатынастарды дамытуға тың серпін беру тұрғысынан мәні зор екенін айтты."Біздің маңызды стратегиялық серіктесіміз – Ұлыбританиямен арадағы өзара тиімді ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына көңіліміз толады. Бүгін Стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын айрықша атап өткім келеді. Бұл жан-жақты құжат біздің сан қырлы байланыстарымызды кеңейту үшін берік негіз қалайтынына сенімдімін", – деді Президент.Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты, соның ішінде энергетика, «жасыл» экономика, қаржы, инновация с…

0
0
281

Президент ҚХА төрағасының жаңа орынбасарларын қабылдады

Мемлекет басшысы Қазақстан Халқы ассамблеясы Төрағасының орынбасарларын қабылдады.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халқы ассамблеясы (ҚХА) Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Юрий Шин мен Лугмар Буларовты құттықтап, олардың бірлікті нығайту, қоғамдық келісімді сақтау ісіндегі жауапты қызметіне сәттілік тіледі.ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы және Ассамблеяның XXXIIІ сессиясына дайындық барысы жөнінде есеп берді.Президент еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдағанын жеткізді. Шараға Ассамблеяның аймақтардағы мүшелері онлайн режимде қатысады.Мемлекет басшысы табиғи апаттан…

0
0
214

Қазақстан Халқы ассамблеясы төрағасының орынбасарлары ауысты

undefined

Фото: Лугмар Буларов пен Юрий Шин. rosorgkomitet.ru, instagram.com/shin_yuriy/

Мемлекет басшысының өкімдерімен Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан Халқы ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды.

undefined

Фото: Акбаржон Исмаилов пен Аурика Дяк. assembly.kz, instagram.com/aurikadiak

Мемлекет басшысының өкімдерімен Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк Қазақстан Халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

0
0
261

Қазақтың даласы мен қаласына су тасқынынан кейін өрт келіп жатыр

Алматы облысының Балқаш ауданында қамыс пен шөп өртін сөндіру жұмыстары жалғастырылды.Елді мекендерге қауіп жоқ.Су ағызу құрылғысы бар «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағымен өрт ошақтарына әуеден 65 рет жалпы көлемі 195 тонна су төгілді.Авиациялық техниканы пайдалану және жетуі қиын жерлерге орман шаруашылығының қызметкерлері мен өрт сөндірушілерді жеткізу сияқты қабылданған шаралардың арқасында жекелеген өрт ошақтары сөндіріліп, жақын маңдағы шаруа қожалығы аман қалды.Шымтезек, жетуі қиын, батпақты жерлер және үнемі өзгеріп отыратын қатты желдің болуы өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарын қиындатты.Өртті сөндіруге ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары, жергілікті тұрғындар жұмылдырылып, ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды.Алматы облысының өрт сөндірушілері өртті жойды.Іле аудан…

0
0
336

Тоқаев Мирзиёевке су тасқынына байланысты қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.

undefined

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқынына байланысты тілеулестік танытып, көмек көрсеткені үшін Шавкат Мирзиёевке және бауырлас Өзбекстан халқына алғыс айтты.

Президенттер қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту, сондай-ақ бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Тараптар екіжақты қатынастар мен өңірлік деңгейдегі кооперацияның қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

t.me/aqorda_resmi

0
0
279

Үлескерлердің миллиардтарын алдап алды деген күдікпен Ресейде ұсталған азамат елге әкелінді

Бүгін Бас прокуратура Қазақстан Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Ресейден күдіктіні экстрадициялады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.Ол 2020-2023 жылдар аралығында құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, Астана қаласында премиум санатындағы пәтерлерді салу және сату сылтауымен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында 4,3 млрд теңгеден астам сомаға 200-ден астам үлескердің ақшалай қаражатын ұрлап кеткен.Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық iздеу жарияланды.Өткен жылдың қараша айында Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша бұл тұлға Ресей аумағында ұсталып, оны экстрадициялау туралы шешім қабылданды.Елге пойызбен жеткізілген…

0
0
240

Ақмола облысында асырап алынған сәбидің сүйектері табылды

Ақмола облысында асырап алған немересін өлтіріп, денесін үйінің ауласына көміп тастады деген күдікпен 65 жастағы зейнеткер әйел ұсталды. Бұл отбасы жалпы 5 жетімді асырап алған екен. Соның біреуі екі жасында көз жұмған. Бұл жағдай Щучье қаласында осыдан төрт жыл бұрын болыпты. Бірақ оны осы күнге дейін ешкім білмеген. Ал полицейлер баланың өлімі туралы кездейсоқ білген. Өткен аптада соққыға жығылған бес жасар бүлдіршін балалар ауруханасына жеткізіліпті. Оған бас сүйегінің жарақаты, миы шайқалуы және қарақұсындағы қанды ісік диагнозы қойылған. Сол кезде өгей шеше асығыстықпен туу туралы куәлікті шатастырып алып келіпті. Содан полициядағылар сезіктеніп, олардың үйіне барады. Дәл сол кезде құжаттардың иесі болған баланың қайтыс болғанына төрт жыл өткені анықталған. Оның денесін бақшағакөміп…

0
0
246