Латын графикалық жүйесіне көшу туралы
Жанатаев Д.Ж.ҚР еңбек сіңірген қайраткері, доцентЖауғашты Р.А.ҚазҰУ , Филология факультетінің1-курс магистранты Жаңа мың жылдыққа ұлы мұратпен қадам басқан еліміздің рухани жаңаруының бастауы – латын әліпбиінде жатыр. Латынға ауысу қазақ тілінің дамуына, халықаралық мәдени-рухани және экономикалық байланыстардың нығаюына және ІТ – технологиялардың дамуына жағдай жасайды. Нақты және жаратылыстану ғылымдары мен гуманитарлық ғалымдардың озық еңбектері дәл осы латын қарпімен жазылған. Мемлекеттің ішкі саяси бірлігінің тұрақты болуы, оның өркениет көшінің қатарында болуына жағдай жасайды. Елбасының Қазақстан халқын қалай да биік мұраттарға жеткіземін деп «күндіз отырмай, түнде ұйықтамай» еліне жасаған қызметі «Қазақстан – 2050» Стратегиясында анық байқалды. Қалыптасқан мемлекетін құра алған Қа…