Перейти к содержимому
seri.jigit

seri.jigit

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

733

жазбалар

533

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

5

Ертеңнен бастап Шымбұлақта аспалы жолдар жабылады

«Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аспалы жолдар уақытша жабылады.

undefined

Курорт өкілдері бұл туралы өткен айдың соңында ескерткен еді. Онда Шымбұлақтағы профилактика күндері мынадай уақыт аралықтарына белгіленген:

✅ 13 мамыр - 2 маусым аралығында «Медеу-Шымбұлақ» арқан жолы жабық болады
✅ 13-31 мамыр аралығында - «Комби-1» және «Комби-2» арқан жолдары жабық болады
✅ ККД-4 штаттық режимде жұмыс істейді

12 мамырдан кейін Шымбұлаққа тек эко-автобустармен немесе таксимен көтерілуге болады. “Медеу-Шымбұлақ” автожолы дүйсенбіден сенбіге дейін 9:00-ге дейін және 18:00-ден кейін ашық болады. Жексенбі күні шектеусіз жұмыс істейді.

Туристердің жаяу жорықтарына шектеу жоқ.

0
0
1929

Тәжікстанды сел мен топырақ көшкіні басты

Тәжікстан халқы да табиғат апатынан зардап шегіп жатыр.

undefined

"Бүкіл елде нөсер жауын салдарынан сел мен көшкін жүріп, өзендердегі су деңгейі көтерілуде. Құтқарушылар Кафирниган өзені тасыған кезде оның ортасында қалып қойған 4 адамды алып шыққан", - деп жазады @SputnikTj.

undefined

0
0
380

Халық саны 20 095 963 адамға жетті

Елімізде халық саны 20 095 963 адамға жетті.

undefined
Фото: egemen.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша:

Қала тұрғындары – 12 513 014 адам;

Ауыл тұрғындары – 7 582 949 адам.

Ерлер саны – 9 815 465;

Әйелдер саны – 10 280 498.

Айта кетейік, еліміздің 20 миллионыншы 5 тұрғыны тұрғыны 2023 жылдың 14 қарашасында Ұлытау , Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келген еді. Олардың үшеуі - ұл, екеуі - қыз.

0
0
417

Елімізде «әйелдер вагонына» деген сұраныс артып жатыр

Жыл басынан бері онда жол жүру қызметін 70 мыңға жуық жолаушы пайдаланған.Фото: railways.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе артық. Яғни 2023 жылдың осы мерзімінде «әйелдер вагонының» қызметіне 34 мыңнан астам жолаушы жүгінген. Қазір «әйелдер вагоны» 8 жолаушылар пойызының құрамында бар:-№77/78 «Алматы-Маңғыстау» №07 купе вагоны;-№351/352 «Алматы-Өскемен» №10 купе вагоны.-№45/46 «Павлодар-Түркістан» №09 купе вагоны;-№37/38 «Маңғыстау-Семей» №06 купе вагоны;-№47/48 «Атырау-Астана» №06 купе вагоны;-№33/34 «Ақтөбе-Алматы-1» №06 купе вагоны;-№4/3 «Астана-Алматы-2» №17 купе вагоны;-№71/72 «Астана-Шымкент» №10 купе вагоны.Бұл вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады және әйел жолсеріктер ж…

0
0
459

БАӘ-дегі елшілік кеңесшісінің әйелінің шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Карина Мамаш күйеуінен жиі таяқ жейтінін айтып шағымданған еді.  

undefined

Фото: @yyedilov

Астана қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалған.

«Сараптамалар белгіленді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді», – дейді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаш жақында балаларымен бірге елге жеткізілген болатын. Бұған еліміздің Сыртқы істер министрлігі септігін тигізді.

Карина Мамаш өзін жиі ұрып-соғып, азаптаған күйеуімен ажырасып, дүние-мүлкін бөлісіп, одан алимент өндіріп алғысы келіп отыр. Әрине, ол балаларын да өзімен қалдырмақ ойда.  

0
0
415

Әзербайжан мен Арменияның СІМ басшылары келіссөз өткізу үшін Алматыға келді

Әзербайжан мен Арменияның Сыртқы істер министрлері Жейхун Байрамов пен Арарат Мирзоян келіссөз жүргізу үшін Алматыдағы Достық үйіне келді.

undefined

"Жейхун Байрамов пен Арарат Мирзоянды Қазақстан СІМ басшысы Мұрат Нұртілеу қарсы алды. Олар кейінірек ақпарат құралдарына арнап мәлімдеме жасайды. Дәл осы ғимаратта 1991 жылы Алматы декларациясына қол қойылған", - деп жазады t.me/sputnikKZ.
Біз бұрын Қазақстан Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөз үшін өз алаңын ұсынуға әзір екенін, бірақ Астана оларға араағайындық жасамайтынын хабарлағанбыз.

1
0
441

Игорь Вранчев Ерлан Ғазымжановтың адвокаты болған ба?

undefined

Вранчевтің бұрын Ғазымжановты қорғағанын білесіздер ме?

Қызық-ә, бірнеше жыл бұрын Бишімбаевтың қорғаушысы адвокаттық лицензиясынан айырылайын деп жатқанда, оған дәл Нүкеновтер отбасының адвокаты қорғаушы болған.

Толығырақ айтсақ, Ғазымжанов 2019 жылы сотта аялаяқтық үшін айыпталған Ерлан Алшынбаевты қорғайды. Ал Алшынбаев ақырында 6 жылға сотталып кетеді.

Сол кезде Ғазымжанов фейсбуктегі парақшасына судьяның прокурорға дауыс көтере сөйлеген видеосын жариялап жіберген. Бұдан кейін оның үстінен шағым беріледі. Осының кесірінен лицензиясынан айырылуы мүмкін еді. Сонда Вранчев оның адвокаты болған.

Ақыры 2020 жылы Ғазымжанов екеуі сотта жеңіп, оны лицензиясынан айырмау туралы шешім шығарылады. Енді олар қарама-қарсы екі тараптың жағында отыр.

Сырым Итқұловтың жазбасы (орысшадан аударылған)

1
0
532

Түркістан облысындағы тауда ер адамның жүрегі тоқтап қалды

Төлеби ауданындағы таулы аймақта орналасқан Қасқасу ауылы аумағына демалуға барған 51 жастағы ер адам қайтыс болды.

undefined

Фото: alashaqparat.kz

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қасындағы жолдастары жедел жәрдем шақырғанымен дәрігерлер жетемін дегенше науқастың жүрегі тоқтап қалыпты. 

"Жедел жәрдем келгенге дейінгі биологиялық өлім болды. Өлім себебі белгісіз", - дейді басқармадағылар.

0
0
352

Біз әлсіз ұрпақпыз ба?

Әжемнің әкесі соғысқа аттанып, хабарсыз кеткен. Соңғы рет тұтқынға түскені туралы ғана ақпарат келген екен...Соғыс біткеннен кейін екі-үш жылдан кейін ол оралыпты. Қалай аман қалғаны, елге қалай оралғаны туралы сұрамаппыз әжемізден.”Әкеміз келе жатқанын біреулер сүйіншілеп үйге келіп жатты. Анамыз абдырап сыртқа шығып кеткенде, үйдегі сіңіліміз екеуіміз қайнаған сүттің бетіне тұрып қалған қою қаспақты ұрланып жеп-жеп алдық” дейді... Балалық шығар, түрі-түсін ұмытып үлгерген әкесінен гөрі қаспақтың қуанышы мықтырақ болды дейді...Елге келген соң әрбіреуі бір келіп қудалаған, тұтқында болдың, тыңшысың, бандысың деп айыптап тергеуге алған соң шыдамай алдарындағы 5-6 малды айдап, үй-ішімен айдалаға көшіп кеткен екен. Өлгенше сол қырда қалыпты жарықтық...Соғыстың қан ортасынан оралып келіп, бір…

0
0
458

Шымкент: жеңісті жақындатқандарға пәтер кілті берілді

Бүгін 9 мамыр - Жеңіс күні. Бұл жеңіс оңай келген жоқ. Сондықтан екінші дүниежүзілік соғыс халқымыз үшін ең қасіретті кезең болып тарихта қалады.Отанын қорғап, аждаһаның аузынан қайтқан ата-апаларымыздың теңдессіз ерлігі, отаншылдық нәріне суарылған биік парасаты, асқақ адами болмысы бізге мәңгілік өнеге, өмірлік мектеп, ізгілік пен адамгершілік этолоны болып қала береді.Жылдар жылжып, сол сұрапыл кезеңнен алыстаған сайын, бейбіт күн сыйлаған соғыс ардагерлеріне деген құрметіміздің еселене түсері анық. Өйткені, зымыраған уақытпен бірге аңызға айналып бара жатқан соғыстың ақиқатын айтатын ардагерлерімздің де қатары тым сиреп барады.Бүгін Шымкенттіктер де Жеңіс күнін атап өту үшін «Даңқ мемориалына» жиналды. Қаза тапқан қаһармандардың рухына тағзым етіп, есімдері қашалып жазылған ескерткіш…

0
0
483