Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

БАӘ-дегі елшілік кеңесшісінің әйелінің шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Карина Мамаш күйеуінен жиі таяқ жейтінін айтып шағымданған еді.  

undefined

Фото: @yyedilov

Астана қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалған.

«Сараптамалар белгіленді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді», – дейді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаш жақында балаларымен бірге елге жеткізілген болатын. Бұған еліміздің Сыртқы істер министрлігі септігін тигізді.

Карина Мамаш өзін жиі ұрып-соғып, азаптаған күйеуімен ажырасып, дүние-мүлкін бөлісіп, одан алимент өндіріп алғысы келіп отыр. Әрине, ол балаларын да өзімен қалдырмақ ойда.  

0
0
416

Осы тақырып бойынша