Перейти к содержимому
seri.jigit

seri.jigit

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

733

жазбалар

533

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

5

Атырау әкімі: «Бюст желдің әсерінен құлауы мүмкін емес»

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин жеті жасар қыздың өліміне әкеп соққан Жеңіс саябағындағы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Фото: azh.kzБюсттер туралы қысқаша айта кетсек: 2020 жылдың 9 мамырында Жеңіс саябағында «Естелік аллеясы» ашылды, онда Ұлы Отан соғысы батырларының 14 бюсті орнатылды - Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһармандары және «Даңқ» орденінің толық иегерлері бар. Бюсттер гранит тұғырларға орнатылып, ардагерлердің есімдері қашалған. «Естелік аллеясында» батырлардың бюсттері кәсіпкерлер мен демеушілердің қаражатына орнатылды. Олар Орал қаласында жасалған. Мемлекет бір тиын да жұмсаған жоқ. Мен өзім тәжірибелі құрылысшымын, сондықтан мұндай ауыр бюст қалай құлап кеткені өзім үшін де жұмбақ. Қазір қайғылы оқиға орнында болып, мамандарды шақырдым. Бюсттерді өзім итеріп кө…

0
0
339

Бишімбаевқа қатысты апелляциялық сот отырысы өтіп жатыр

Бүгін Астанада әйелін қатыгездікпен өлтірді деген айыппен 24 жылға сотталған экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевқа қатысты апелляциялық сот отырысы басталды.

Фото: t.me/satzhangram

Адвокат Ерлан Ғазымжанов Бишімбаевқа қатысты үкімнің күшін жоюды сұрады. Сөйтіп, соттың бірінші инстанциясындағы олқылықтарды атап өтті. Олар алқа билерді іріктеуден басталады екен.

Ғазымжановтың айтуынша, алқа билерді таңдау барысында Бишімбаев пен Байжановтың жасындағы балалары бар төрт үміткерді судья Айжан Көлбаеваның өзі шығарып тастаған. Ал хаттамада олар өздері бас тартты делініпті.

"Осы төрт үміткердің бірі негізгі құрамға енуі мүмкін болатын. Сонда үкім мүлдем басқаша болар еді", - дейді адвокат.

Сондай-ақ Ғазымжанов көптеген өтініштерін судья қабылдамай қойғанын айтты.

0
0
188

Атырауда кішкентай қызды ескерткіш басып қалды

Атырауда кешегі нөсер жауын кезінде Жеңіс саябағындағы соғыс ардагерлерінің бірінің ескерткіші жеті жасар қыздың үстіне құлады.

Қыздың отбасы аталған саябақта серуендеп жүргенде аяқ астынан жаңбыр құйып кеткен.

Ауыр жарақат алған жеткіншек облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Оқиғаның жай-жапсары кейінірек хабарланады.

t.me/guwonline

0
0
283

Президент Мальтаның Сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Мальтаның Сыртқы, еуропалық істер және сауда министрі Иан Борчпен кездесуі барысында екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелері, сондай-ақ ЕҚЫҰ аясындағы ықпалдастықтың жай-күйі талқыланды.Мемлекет басшысының айтуынша, ЕҚЫҰ қауіпсіздікке төнетін қазіргі сын-қатерлер жағдайында біздің аймақта және одан тыс жерлерде барлық үш өлшем бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев 2010 жылғы ЕҚЫҰ саммитінің Астана декларациясында бекітілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан барлық тараппен тығыз ынтымақтастық жасауға бейілді екенін растады."Біз осы ізгі мақсаттарға жету үшін бар күш-жігерімізді жұмсауға, сондай-ақ жан-жақты ынтымақтастыққа негізделген қауіпсіздікт…

0
0
170

Ақмола облысында ұрылар компанияның сейфін көтеріп алып кеткен

Ақмола облысының тұрғыны полицейлерге қолма-қол ақшаны сейфімен көтеріп алып кеткендерді ұстағаны үшін алғыс білдірді. Компания басшысының Ақмола облысы ПД басшылығына жазған алғыс хатында тәртіп сақшыларының жылдам әрекеті мен шебер басшылығының арқасында ұрылардың сол күні қолға түскені және мүлкінің қайтарылғаны туралы айтылған. Қылмыс 19 маусымға қараған түні болған. Бетперде киген үш белгісіз адам кәсіпорынның бухгалтерлер отыратын кабинетінің есігін бұзып,  металл сейфті алып кеткен. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер үш күдіктіні анықтады. Олардың қылмысқа қатысы тексеріліп жатыр. Қарақшылар сейфте бірнеше миллион теңге қолма-қол ақша бар деп үміттенген. Алайда, кәсіпкердің айтуы бойынша, бұл күндері мәмілелер қолма-қол ақшасыз жүргізіліпті. Ал сейфте шамаме…

0
0
186

ХҚС Шойгу мен Герасимовты тұтқындауға ордер берді

Халықаралық қылмыстық сот (ХҚС) Ресейдің бұрынғы Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен Қарулы күштер бас штабының бастығы Валерий Герасимовты тұтқындауға ордер берді.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұлар Украинаның энергетикалық жүйесіне соққы берді деп айыпталып отыр.

ХҚС бұрынырақ Ресей президенті Владимир Путинге қатысты да тұтқындау ордерін берген болатын.

0
0
310

Бірқатар өңірлерде жылу желілерін жаңғырту жұмыстарының қарқыны төмен болып тұр

Премьер-министр Олжас Бектенов бүгінгі Үкімет отырысына қатысушылардың назарын жылумен жабдықтау нысандарын дайындаудағы сын-тегеуріндерге аударды. Мысалы, Екібастұз жылу орталығында жөндеу жұмыстарын бастау мерзімі мамыр айынан маусымның соңына ауыстырылған. Теміртауда 2-ші Жылу орталығындағы қазандықты жөндеу жұмыстары әлі басталмай тұр, кестеден артта қалу – 2 ай. Тараз, Жезқазған және басқа өңірлердегі жылу көздерін жаңғырту бойынша да мерзімдер кешіктірілді.«Биыл мамыр айының басында Үкімет отырысында жөндеу мерзімдерін ұзартуға және олардың көлемін азайтуға болмайтынын тапсырғанмын. Алайда оператор КЕГОК бекіткен жөндеу жұмыстарының кестесін меншік иелері өз беттерінше өзгертуін доғармай отыр. Биылдың өзінде ғана жөндеу жұмыстарын ауыстыру бойынша кестеге 18 рет өзгеріс ен…

0
0
214

Бозымбаев су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қалай көрсетіліп жатқанын айтты

Елімізде су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында вице-премьер Қанат Бозымбаев мәлімдеді.Зардап шеккендерді баспанамен қамту 67 мыңнан астам адам өз үйіне оралды. Эвакуациялық пункттердегі 3 664 тұрғынға барлық қажетті көмек көрсетіледі. Су тасқынынан зардап шеккендердің жалғыз баспанасы саналатын 12 086 тұрғын үй мен 7 380 саяжай құрылысы су астында қалды. Зардап шеккен өңірлерде 18 228 тұрғын үй тексеріліп, 15 651 объект бойынша бағалау аяқталды.Бағалау қорытындысы бойынша 9 306 үй жөндеуге жатқызылды, 8 190 үй қалпына келтірілмейтіні анықталды, олар бойынша қайталама нарықта 5 714 үй мен пәтер сатып алу, сондай-ақ үлгілік жоба бойынша 2 576 үй салу жоспарлануда…

0
0
225

"Ойып жаздым ALI деген атымды..."

Қазақтар Еуропаны дүрліктіріп жатыр. Италияда тарихи ғимарат қабырғасына атын ойып жазған қазақстандық қомақты айыппұл төлеуі мүмкін.

undefined

Фото: Parco Archeologico di Pompei - Ministero della Cultura

Италияда отандасымыз Помпей археологиялық паркіндегі Цейлер үйінің қабырғасына ALI деген атын ойып жазып, тарихи орынды бүлдіргені үшін ұсталған еді. Қазір ол босатылған. Бірақ енді осы жағдай бойынша әкімшілік сот болады.

Қазақстандықтың вандализм үшін 10 мыңнан 15 мың еуроға дейін айыппұл төлеуіне тура келейін деп тұр. Ал бүлдірген қабырғаны жөндеу үшін бөлек шығындалуы керек.

Айта кетейік, екі күн бұрын Грекияда қазақстандық туристер яхтада отшашу атамыз деп орманды өртеп жіберген болатын.

0
0
393

Шымкентте зейнеткер өмір бойы жинаған ақшасынан айырылып қала жаздады

“Өмір бойы жинаған қаражатым еді”. Шымкентте киберполиция зейнеткердің ірі көлемдегі қаражатын алаяқтан сақтап қалды.Шымкенттік “CyberPol” қызметкерлеріне 73 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Өзінің айтуынша, оған белгісіз біреулер телефон шалып, өздерін құқық қорғау органының өкілі ретінде таныстырып, банк шотындағы күдікті операциялар туралы хабарлаған. Ал тексеру жүргізу үшін ер адам телефонына белгілі қосымшаны орнатып, SMS-кодты хабарлауы тиіс екенін айтқан. Бірақ телефон соғушылардан сезіктенген зейнеткер тәртіп сақшыларына жүгінуді жөн көреді.Полицейлер бұл алаяқтардың бөтеннің ақшасын онлайн жолмен жымқыру түрі екенін жеткізіп, бірден банкке хабарласып, шот бойынша барлық операцияларды бұғаттады. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде азаматтың 15,5 миллион теңгесін сақтап қалу…

0
0
270