"Ойып жаздым ALI деген атымды..."
Қазақтар Еуропаны дүрліктіріп жатыр. Италияда тарихи ғимарат қабырғасына атын ойып жазған қазақстандық қомақты айыппұл төлеуі мүмкін.

Фото: Parco Archeologico di Pompei - Ministero della Cultura
Италияда отандасымыз Помпей археологиялық паркіндегі Цейлер үйінің қабырғасына ALI деген атын ойып жазып, тарихи орынды бүлдіргені үшін ұсталған еді. Қазір ол босатылған. Бірақ енді осы жағдай бойынша әкімшілік сот болады.
Қазақстандықтың вандализм үшін 10 мыңнан 15 мың еуроға дейін айыппұл төлеуіне тура келейін деп тұр. Ал бүлдірген қабырғаны жөндеу үшін бөлек шығындалуы керек.
Айта кетейік, екі күн бұрын Грекияда қазақстандық туристер яхтада отшашу атамыз деп орманды өртеп жіберген болатын.
