Перейти к содержимому
seri.jigit

seri.jigit

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

733

жазбалар

533

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

5

Үкіметті уақытша Роман Скляр басқарады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндетін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелді.

Бұл жайында Президенттің бүгін жарияланған жарлығында айтылған.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті.

0
0
200

Үкімет отставкаға жіберілді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» жарлыққа қол қойдықойды.

Жарлық мәтінінде былай делінген:

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0
0
179

Еліміздің боксшы қыздары ерлеп жатыр

Қазақстанның бокстан қыз-келіншектер құрамасы Ла-Нусияда (Испания) өткен Boxam Elite-2024 турнирінде екі алтын медаль жеңіп алды. 

Sports.kz-ның жазуынша, Жазира Орақбаева (52 келі) пен Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) өз салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Финалда Қазақстан намысын тоғыз спортшы қорғады.

0
0
312

"Іштарлық па?" Нағима Есқалиеваны сынаған Мақпал Жүнісова сөзге қалды

Әнші, Қазақстанның Халық әртісі Нағима Есқалиева өткен түнде 70 жасын атап өтті. Ол 1954 жылдың 3 ақпанында дүниеге келген.

Әлеуметтік желіге осы әдемі кештен әнші Жеңіс Ысқақова видеолар салған еді. Солардың бірінде ол мерейтой иесімен бірге ән салып тұрады.

Оған көбі лүпіл басып, құттықтауларын, жылы сөздерін жазып жатты. Бірақ бұл орындау тағы бір Халық әртісі Мақпал Жүнісоваға ұнамай қалыпты.

"Масқара. Халық әртісі нотаны таза алмады ғой", - деп жазды ол.

Ал Мақпал Жүнісоваға басқалардың не айтқанын төмендегі скриншоттардан оқи аласыздар:

0
0
291

Ақ үйде имам не істеп жүр?

АҚШ президенті Джо Байденнің қатысуымен Ақ үйде қайырымдылық асы өтті. Оған біздің елден Нұрлан қажы Байжігітұлы қатысқан.

Сонымен қатар алқалы жиынға алпауыт елдің дін басшылары, өзге де мемлекет жетекшілері, танымал тұлғалар шақырылған.

"Негізгі мақсаты - әлемдегі тыныштық, ынтымақ, бірлік және осы төңіректе жасалатын дұғалар мен мінәжат. Әр дін өкілі өзінің дұғасын өз қолымен, ниетімен жеткізеді. Бұл - әлемде болып жатқан жағдайға байланысты барлық дін өкілдерінің бір жерде ниет тоғыстыруы" - деп түсіндірді АҚШ-тағы ас туралы агенттіктің дереккөзі.

Қайырымдылық дастарханына 127 мемлекеттен 1600 адам жиналыпты.

kaz.inform.kz-

0
0
165

Әлихан Смайылов: Қазақ-қырғыз қатынастары сапалы жаңа деңгейге шықты

Еліміздің Премьер-министрі Әлихан Смайылов Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаровпен келіссөз жүргізді. Кездесу Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы қарсаңында өтті.Әлихан Смайыловтың айтуынша, Қырғызстан – еліміздің стратегиялық әріптесі және бауырлас мемлекет.«Мемлекет басшыларымыздың саяси ерік-жігерінің арқасында бүгінде қазақ-қырғыз қатынастары өзара іс-қимылдың сапалы жаңа деңгейіне шықты», — деді Премьер-министр.Сонымен қатар Үкімет басшысы елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Былтырғы тек 11 айда өзара сауда 12%-ға өсіп, $1,3 млрд-қа жетті. Оған қоса Қазақстан мен Қырғызстан арадағы тауар айналымының көлемін $2 млрд-қа жеткізу жұмысын жалғастыруда.«Бұған…

0
0
169

«Майқайыңалтындағы» апаттан қаза тапқан құтқарушының қызы шағым айтты

Әлеуметтік желіде видео арқылы сөйлеген Олег Тышкевичтің қызының айтуынша, әкесі өзінің сүйікті жұмысында 27 жыл қызмет атқарған. Яғни ол кәсіби әскерилендірілген апаттан құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының Павлодар филиалында құтқарушы болып соншама жыл жұмыс істепті.Апаттан кейін «Майқайыңалтын» АҚ мен аталған штабы басшылығының қаза тапқандардың отбасыларына 4,5 миллион теңгеден берілетіні айтылған еді. Бірақ Тышкевичтің қызы Яна Осолодкова сол көмек дұрыс берілмеді деп отыр.«Әкемді жерлеген соң бізді барлығы ұмытты. Ешкім хабарласпады. Берген телефон нөмірлері жауап бермейді. Уәде етілген 4,5 млн теңге берілген жоқ. Тек «Майқайыңалтын» кенішінен 2 млн теңге көмек бөлінді. Маған тегін қызмет көрсететін психологтың көмегі қажет еді, ол да ұсынылмады. Қазір қызмет құны 2…

0
0
128

Көкшетауда ағзасын сатпақ болған адам ұсталды

Ағза донорлығы туралы айтып болғанымыз сол еді, мынадай ақпарат тарады. Полиция адам ағзасын сатудың жолын кескен. Қазақстандық өзінің бүйрегін 18 мың АҚШ долларына бағалап, кездейсоқ сатып алушыға интернет арқылы сатуға тырысқан. Автор желі қолданушыларына өз мүшесін сатуды ұсынды, ал алу операциясы туралы барлық келісімдерді қабылдаушы ұйымдастыруы керек еді. Әлеуметтік желідегі ерекше хабарландыруға Ақмола облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері назар аударып, донормен байланысқа шықты. Бірнеше апта бойы полицейлер арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, нәтижесінде трансплантация жасау және ақша қаражатын беру туралы мәміле жасалды. Көкшетау қаласында ҰҚҚКБ қызметкерлері, ақша беру кезінде күдіктіні ұстады. Алғашқы тергеу әрекеттері аясында полиц…

0
0
119

Өлгеннен кейінгі донорлыққа қатысты...

Осы тақырып соңғы кездері қатты талқылана бастады. Ауырған адамға өмір сыйлау сауапты іс дегеніміз дұрыс шығар. Бірақ сұрақ та баршылық.

Фото: time.kz

Жақында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өзі бастап қайтыс болған соң сау ағзасын беретінін мәлімдеді. Одан кейін бұрынғы оқу-ағарту министрі, қазіргі Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов те осы мағынадағы ойын айтты. Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев те бұрыннан қолдап жүр.

Ал қарсы сұрақ қарапайым тұрғындар тарапынан туындап отыр. Олар бұл істі дәрігерлердің адал атқаратына сенбейді.

Өлген адамның ағзасы біреуге донор бола алмайды деген сөз рас па?

Ертең жаппай келісім беру басталса, сол үшін бір жері ауырған адамды өлтіре салу басталмай ма?

0
0
208

Алматылық қыз АҚШ-та жыл моделі атанды

"Бүгінгі күннің кейіпкері – алматылық Кристина Менисова! Ол АҚШ-та ұлттық деңгейдегі марапатқа ие болды! Ол әлеуметтік желілерде жылдың үздік моделі болып таңдалды!

Біз сізге Кристина туралы 2022 жылы айтқан болатынбыз, сонымен қатар біздің YouTube арнамызда онымен қысқаша сұхбат бар. Өйткені ол АҚШ-тың Майами қаласында өткен «Әлем аруы» халықаралық байқауында бас жүлдені жеңіп алды", - деп жазды alga.peterburg Instagram-парақшасы.

0
0
145