Перейти к содержимому
syrym.nurotan.kz

Сырым аудандық филиалы

@syrym.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 22 қыркүйекКазахстан

"AMANAT" партиясы Сырым аудандық филиалының Facebook, Instagram парақшасына тіркеле кетіңіз!!! https://www.facebook.com/amanatsyrym/ https://www.instagram.com/amanat_syrym/?hl=ru

рейтинг

250

жазбалар

459

пікірлер

0

тіркелуші

12

жазылымдар

12

Қоғамдық қабылдау

"Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаты А.К.Ниязгалиева онлайн түрде ауыл тұрғынын қабылдады. Қабылдауда ауыл тұрғыны көшенің қарын тазарту мәселесімен байланысқа шықты. Нәтижесінде тиісті мекемелерге ескерті берілді.

0
0
179

Ұлттық валюта күні

Мемлекеттіліктің негізін бекіткен Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің символы – бұл төл теңге. Ұлттық валюта Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1993 жылғы 15 қарашада айналымға енгізілді.Теңгенің дизайнымен отандық суретшілер жұмыс істеді. Банкноттардың бет жағына Қазақстанның мәдени, рухани және саяси дамуына зор үлес қосқан қазақ халқының тарихи тұлғалары бедерленді. Сыртқы жағында – елдің көрікті табиғи және сәулеттік жерлері бейнеленген.Елбасы кітапханасы музейінің ұлттық валютаға арналған залдарының бірінде келушілер заманауи технологияларды пайдалана отырып, банкноттардағы символдар мен объектілерді көре алады.Сонымен қатар, мекеменің архивінде тарихи оқиғаның бейнежазбасы – теңгенің енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев…

0
0
151

Білім саласы басты назарда!

«Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы «Білім ғылым және Ұлт денсаулығы» жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Келуге мүмкіндік болмаған кеңес мүшелері онлайн қатысып, күн тәртібіндегі мәселелер толықтай қаралды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе «Өзгерістер жолы: Әркімге лайықты өмір» атты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша аудандық білім бөлімінің есебі тыңдалды. Сырым аудандық білім бөлімінің басшысы Б.М.Джанболсынов хабарлама жасап, ағымдағы жылдың 9 айлығында атқарылған қызметтері туралы баян етті. Олардың ішінде мектептердегі педагог кадрлардың біліктілігін арттыру, инклюзивті білім беруді жандандыру, техникалық базаның жасақталуы, мектептер мен балабақшаларды 100 пайыз жарықтандырып, бейне бақылау орнату жұмыстары, балалар…

0
0
266

,,Экологиялық мәселелер" жөніндегі Қоғамдық Кеңестің кезекті отырысы

,Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы ,,Экологиялық мәселелер" жөніндегі Қоғамдық Кеңестің кезекті отырысы болып, ,,Nur Otan"партиясының БҚО,Сырым ауданы бойынша ,,Өзгерістер жолы : Әр,,Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы ,,Экологиялық мәселелер" жөніндегі Қоғамдық Кеңестің кезекті отырысы болып, ,,Nur Otan"партиясының БҚО,Сырым ауданы бойынша ,,Өзгерістер жолы : Әр азаматқа лайықты өмір!" атты сайлауалды бағдарламасындағы ,,Жасыл ел" жасақтарының атқарылған жұмыстары бойынша жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының кеңесшісі Қайсар Халиттің есебі тыңдалды. Осы мәселеге және елді мекендерді санитарлық тазартуға өз ұсыныс -пікірлерін білдірген Кеңес мүшелері а/о әкімшілік терінің жергілікті бюджетінен алдағы жылға ,,Жасыл ел" жасақтарының қатарын көбей…

0
0
162

Бейне байқау

Акция тарихи жады мен ұрпақтар сабақтастығын сақтауға, Тәуелсіздік алған сәттен бастап еліміздің жетістіктерін ілгерілетуге және патриотизмді күшейтуге ықпал етеді📷📷По итогам, к 30-летию Независимости 30 представителей старшего поколения – героев самых популярных видеороликов будут поощрены денежными призами в размере 100 тысяч тенге.Правила конкурса:📷Герои видеороликов – представители старшего поколения.📷Герой должен рассказать о главных достижениях страны за Годы Независимости и о своих личных достижениях.📷В ролике обязательно должно быть указано фамилия и имя героя.📷Видеоролики необходимо разместить в социальных сетях Facebook, Instagram, YouTube, TikTok под хэштегом #ArdagerNurOtan📷Продолжительность видеоролика – до 1 минуты.📷 Конкурс продлится до 25 октября.Желаем удачи всем…

1
0
180

«Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының кезектен тыс ХХХII конференциясы

Бүгін «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының кезектен тыс ХХХII конференциясы өткізілді. Конференция ZOOM платформасында онлайн форматта өтті. Конференция жұмысына аудандық партия филиалының төрағасы Төреғалиев Төлеген Серікқалиұлы төрағалық етті. «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының кезекті ХХХІІ конференциясына 17 бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 48 делегаттың 46-ы онлайн форматында қатынасты. 2 делегат түрлі- себептермен қатыса алмады. Күн тәртібінде Сырым ауданы бойынша өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты Аралтөбе ауылдық округі әкімі сайлауына «Nur Otan» партиясынан кандидаттарды ұсыну мәселесі қаралды.Конференцияда күн тәртібіндегі мәселе толығымен қаралып, делегаттардың дауыс беру арқылы алдағы болатын сайлауға қатысу үшін Мұхитов Әділхан Рақымжанұлын…

0
0
172

Сырым ауданына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Құлшар келді

Бүгін Сырым ауданына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Құлшар келді. Мәжілісмен жұмысын Шолақаңқаты ауылдық округінің орталығы – Тоғанас ауылының кірме жолының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысудан бастады.Сырым ауданының әкімі, «Nur Otan» партиясының Сырым аудандық филиалының төрағасы Төлеген Төреғалиевтің айтуынша, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі мақсаты – қазақстандықтарды сапалы тұрмысқа жеткізу. Ал, өмір қолайлылығын арттыратын игіліктің бірі – тақтайдай жол. Құны 741 миллион теңгені құрайтын Тоғанасқа кірме жолды күрделі жөндеуден өткізу жобасының халық үшін осындай маңыздылығы бар.Қазіргі таңда 11 шақырым толық асфальтталып, жол белгілері мен сызықтары орнатылуда. Мердігер серіктестік «Айдана» ЖШС – ның директоры Армен Амирханян жол салу кезінде…

0
0
225

Саяси Кеңес Бюросының отырысы

Бүгін "Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалының Саяси Кеңесі Бюросының отырысы онлайн жүйесінде өткізілді. Филиал төрағасы Т.Төреғалиев төрағалық еткен бюро отырысының күн тәртібінде "Сырым аудандық филиалының кезектен тыс XXXII конференциясына Сырым ауданы Аралтөбе ауылдық округі әкімдігіне "Nur Otan" партиясы атынан кандидаттар ұсыну туралы". Күн тәртібіндегі мәселе бойынша филиал төрағасының бірінші орынбасары Т.Даргужиев хабарлама жасады. Бюро мүшелері тарапынан кезектен тыс өтетін XXXIІ конференция қарауына ұсынылған кандидаттар бірауыздан мақұлданды.

0
0
141