Білім саласы басты назарда!
«Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы «Білім ғылым және Ұлт денсаулығы» жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Келуге мүмкіндік болмаған кеңес мүшелері онлайн қатысып, күн тәртібіндегі мәселелер толықтай қаралды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе «Өзгерістер жолы: Әркімге лайықты өмір» атты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша аудандық білім бөлімінің есебі тыңдалды. Сырым аудандық білім бөлімінің басшысы Б.М.Джанболсынов хабарлама жасап, ағымдағы жылдың 9 айлығында атқарылған қызметтері туралы баян етті. Олардың ішінде мектептердегі педагог кадрлардың біліктілігін арттыру, инклюзивті білім беруді жандандыру, техникалық базаның жасақталуы, мектептер мен балабақшаларды 100 пайыз жарықтандырып, бейне бақылау орнату жұмыстары, балалардың ыссы тамақпен қамтылуы және қысқы аусымға дайындық жұмыстарының қорытындысы туралы айтылды. Күрделі жөндеуді қажет ететін Бұландағы туризм орталығы мен А.Жұмағалиев атындағы орта мектептің мәселелері бақылауға алынатын болады. Өзіме жүктелген аманаттардың ішінде аудандағы «Балдырған» балабақшасын күрделі жөндеуден өткізу үшін дайындық жұмыстары қатерге алынды. Сонымен қатар мұғалімдердің ұсынысы бойынша айтылған аманаттардың ішінде мектептердегі қосымша білім берудегі факультатив сабақтардың аясын кеңейтіп, «Сырымтану», «Жаһаншатану», «Қадыртану» курстарының жай – күйі баяндалды. Алдағы уақытта аудандағы тұлға тану курстарының аясын кеңейтіп бақылауға алыну тапсырылды. Білім мен ғылым, мәдениет пен ұлт денсаулығы адамзат баласының дамуында үздіксіз жүретін процесс. Сондықтан өркениетке бастайтын, тарихтың көшін алға сүйрейтін бірден бір сала ол білім саласы болып қала бермек. Сондықтан аудандағы білім беру саласының сапасы мен дамуы басты назарда қала бермек.
