Саяси Кеңес Бюросының отырысы
Бүгін "Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалының Саяси Кеңесі Бюросының отырысы онлайн жүйесінде өткізілді. Филиал төрағасы Т.Төреғалиев төрағалық еткен бюро отырысының күн тәртібінде "Сырым аудандық филиалының кезектен тыс XXXII конференциясына Сырым ауданы Аралтөбе ауылдық округі әкімдігіне "Nur Otan" партиясы атынан кандидаттар ұсыну туралы". Күн тәртібіндегі мәселе бойынша филиал төрағасының бірінші орынбасары Т.Даргужиев хабарлама жасады. Бюро мүшелері тарапынан кезектен тыс өтетін XXXIІ конференция қарауына ұсынылған кандидаттар бірауыздан мақұлданды.
