Еркебұлан Қайназаров «Алтын домбыра-2022» иегері атанды
Еркебұлан Қайназаров «Алтын домбыра-2022» иегері атанды📷Түркістанда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орайластырылған «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өз мәресіне жетті. Айтыс сүйер қауым асыға күткен жыр аламаны «AMANAT» партиясының қолдауымен өтті.📷Қазылар алқасының төрағасы, көрнекті өнер қайраткері Асанәлі Әшімов түркі әлемінің рухани астанасын дүбірге бөлеген айтулы доданың мәні мен маңызына тоқалып, жылы лебізін білдірді.📷«Түркістан – ер түріктің бесігі» деп Мағжан Жұмабаев жырлаған ұлы, тарихи қалада «Алтын домбыраны» өткізейік деген шешім қабылданды. Онысы дұрыс. Атағы мен абыройы бар ақындардың жақсылары келіп, халыққа осында өнер көрсетті. Түркістан халқының әл-ауқаты түзеліп, мәдениеті көтерілсін деп тілеймін. Ел аман болсын!», – деді А.Әшімов.📷Екі күнге созыл…