Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«АМАNAТ» партиясының қолдауымен «Жан шуақ» мерейтойлық сыйлығы өтті

«АМАNAТ» партиясының қолдауымен «Жан шуақ» мерейтойлық сыйлығы өтті

📷Елордада «AMANAT» партиясының қолдауымен Қазақстан мүгедектер конфедерациясы ұйымдастырған «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.

📷«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов «Жан Шуақ» сыйлығын өткізу ерекше қажеттіліктері бар мыңдаған адам үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан игі дәстүрге айналғанын атап өтті.

📷«15 жыл ішінде «Жан Шуақ» шексіз мүмкіндік иелеріне арналған сыйлыққа айналды. Олар сынаққа төзіп, қиын-қыстау жолдан өтті. Ал бүгінде көмекке мұқтаж жандарға өздері қол ұшын созуда. Елімізде мүгедектігі бар адамдардың өзін-өзі дамытуы үшін барлық жағдай жасалуда. Ерекше қажеттіліктері бар жандарға қолдау көрсету жұмысы әрқашан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басты назарында. Ел Президентінің бастамасымен Әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша арнайы жобалар іске қосылып, ерекше қажеттіліктері бар жандардың құқықтарын қорғау үшін омбудсмен институты құрылуда», – деді Е.Қошанов.

Ол «AMANAT» партиясы ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сапасын жақсарту жұмысын одан әрі жалғастыратынын атап өтті. Себебі бұл қадам партияның басты басымдықтарының бірі саналады.

📷Қазақстан мүгедектер конфедерациясының президенті, Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының мүшесі Жанат Омарбекованың айтуынша, бұл сыйлықтың басты мақсатының бірі – ерекше қажеттіліктері бар жандардың тұлғалық дамуы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға көмектесу, олардың алға жылжуға және қоғамға пайда әкелуге деген ұмтылысын қолдау.

📷«Осы сыйлық тағайындалғаннан бері еліміздің ғана емес, сондай-ақ АҚШ, Литва, Польша, Эстония және өзге де мемлекеттердің 70-тен астам рухы мықты азаматтары лауреат атанды. Жыл сайын әр номинация бойынша үміткерлер саны артып келеді. Биыл «Жан Шуақ» сыйлығына қатысуға еліміздің барлық өңірінен 100-ден астам өтінім келіп түсті», – деп атап өтті ол.

📷Осылайша, мүмкіндігі шектеулі жандарға қарым-қатынас этикасы және ситуациялық көмек көрсету бойынша оқыту тренингтерін ұйымдастырған Кентау қаласының тұрғыны Ерлан Әбдиев «Күшті жігері және жеңіске талпынысы үшін» сыйлығының иегері атанды.

📷«Кәсіпкерлік қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша қарағандылық Асхат Есентұров марапатталды. Ол халықтың әлеуметтік осал тобы және ерекше қажеттіліктері бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорын ашты.

📷Белгілі суретші-зергер, ЮНЕСКО-ның халықаралық сапа белгісінің иегері, шымкенттік Икрамжан Рафиков «Өнер саласындағы аса үздік жетістіктері үшін» номинациясы бойынша сыйлық иеленді.

📷«Мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері үшін» номинациясы бойынша республикалық және халықаралық музыкалық байқаулардың жеңімпазы, павлодарлық Диляра Асайынова марапатталды.

📷Алматылық Бақтыгүл Әлімбекова «Спорт саласындағы аса үздік жетістіктері үшін» сыйлығының иегері атанды. Ол Босфор бұғазын бір жарым сағаттан аз уақыт ішінде жүзіп өтті. Сондай-ақ, параспортшы, скандинавиялық серуендеу нұсқаушысы саналады.

📷«Мүгедектігі бар адамдардың ғылым мен білім беру қызметін дамытуға қосқан үлесі және оқуға талпынысы үшін» номинациясы бойынша астаналық Таңсәуле Серіков марапатқа ие болды. Ол көптеген ғылыми еңбектің авторы, сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру тұжырымдамасын әзірлеген ғалым саналады.

📷Ақмола облысының Целиноград ауданындағы «Болашақ» мүгедектер бірлестігінің басшысы Амангелді Қапанов болса, «Мүгедектігі бар адамдарға қатысты қоғамдық сананың оң өзгеруіне қосқан үлесі үшін» сыйлығының лауреаты деп танылды.

📷Жеңімпаздардың әрқайсысы 1 млн теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды.

t.me/AMANATPartiyasy

#AMANAT

0
0
284

Осы тақырып бойынша

«АМАNAТ» партиясының қолдауымен «Жан шуақ» мерейтойлық сыйлығы өтті - Yvision.kz