Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әйелдердің қоғамдағы рөлі талқыланды

Әйелдердің қоғамдағы рөлі талқыланды

Қараша үйдің жан жылуы, саясатта да өз орны бар, кәсіпкерлікпен де айналысуға уақыт табатын әйел – «бір қолымен бесіктегі баланы, бір қолымен әлемді тербетуде». Аруларға арналған бұл сөздер Батыс Қазақстан облысында «AMANAT» партиясының облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен «Әйелдердің ел дамуындағы рөлі» атты форумда айтылды.

Форум жұмысын республикамызға танымал журналист, қоғамдық және бұқаралық коммуникациялар бойынша медиа-жаттықтырушы Райымбек Ғазиза тізгіндеді.

Форумда алғы сөз алған облыстық партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Кенесары Бекболатұлы, форумның мақсаты – қазіргі әлемдегі әйелдердің рөлін талқылау және жүйелік мәселелерді шешудің жалпы тәсілдерін әзірлеу екендігін айтып, форум жұмысына сәттілік тіледі.

Форум әлеуметтік-демографиялық прогресті қамтамасыз етудегі әйелдердің жаңаша рөліне, экономикалық өсудің жаңа үлгілеріне көшуге, денсаулық сақтау мен білім беруді дамытуға, әйелдер арасында қаржылық сауаттылық проблемаларын шешу және өзін-өзі бағалауға, жеке өзін-өзі дамытуды арттыруға арналды.

Жиынға аймақтан 200 қыз-келіншек қатысты.

Ал Батыс қазақстан облысына арнайы келген Степногорск қаласындағы «Жер-Ана Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, жеке шаруа қожалық басшысы Гүлмайра Баймақова ауылда қалай бизнес жүргізуге болатыны жайлы өз тәжірибесімен бөлісті. Кәсіпкер «Бастау-Бизнес» жобасы арқылы грант алып, 2020 жылы «Балкондағы сиыр» жобасын іске қосқаны туралы сөз қозғады.

– Бұл бастама қиын емес, қала тұрғыны сиырды сатып алып, оны бағу үшін ауыл тұрғынына береді. Ауыл әйелі қала тұрғынынан сиырды алты жылға жалға алады. Содан әр апта сайын 2 келі сүзбе, 1 келі қаймақ, 3 литр піскен сүт, 3 литр майсыз сүт және 10 литр сарысу әкелуге міндеттеледі. Нәтижесінде, дүкеннен ұнтақ сүттің орнына қала тұрғыны экологиялық таза өнім алады. Қазір осы жобамен жұмыс істеп жатқан ауылдағы әйелдердің қорасында үш-төрт сиыр бар. Сонымен қатар жылдағы туатын бұзау ауылдағы кәсіпкердің өзінде қалады, – деді Гүлмайра Баймақова.

Сонымен қатар, форум жұмысында қаламыздағы №42 «Ақ ниет» гимназиясының директоры, Орал қалалық мәслихатының депутаты Азима Зиннатқызы, БҚО денсаулық сақтау басқармасының өкілі Айнаш Жұбанышқызы, «Ерсұлтан» шаруа қожалығының жетекшісі, кәсіпкер Сәндігүл Машидоллақызы сөз алып, келген қатысушыларға пайдалы ақпарат пен құндық пікірлер жеткізе білді.

Ең бастысы, форум жұмысында диалогтық формат жүзеге асты.

Форум соңында жиналғандар өз сұрақтарына тұшымды жауап алып, ұйымдастырушыларға алғысын айтты.

#AMANAT

0
0
385

Осы тақырып бойынша

Әйелдердің қоғамдағы рөлі талқыланды - Yvision.kz