Ақтау әкімі Серікбай Тұрымовтың ақиқаты
Серікбай Тұрымовпен мен алғаш рет 2012 жылы Жаңаөзен қаласының әкімі қызметінде жүргенде таныстым. Ол тамыз айы болатын. Әкім үшін оңай күндердің болмағаны бет жүзінен бірден байқалды. Биылғы жылдың 10 шілдеден бастап Ақтау қаласының әкімі қызметіне кірісті. Ал енді үш жыл бұрын сұхбатында айтылған мақсат мәселелердің бүгінгі жайы мен алдағы жоспарлар жөнінде осы кездесу барысында білуге мүмкіндік алдым. Бірі білсе, бірі білмес, сіз Жаңаөзен қаласында үш жыл әкім қызметін атқардыңыз. Сол жерде жинаған тәжірибеңізбен сіз бүгінгі қызметте жүрсіз. Жаңаөзен оқиғасынан кейін қаладағы әлеуметтік жағдайдың төмендегені баршамызға мәлім. Туындаған мәселелерді шешу мақсатында қандай жұмыстар қолға алынды? Өздеріңіз білетіндей, Жаңаөзен қаласында болған жағдайдан кейін біршама қиын мәселелер туындад…