"Жасыл ЖОО" - жас қоғамды дамыту құралы
2022 жылдың 13 желтоқсанында "PlastNet" пластикалық қалдықтарды жинау және қайта өңдеу кәсіпорындарының желісі Алматы қаласы аумағында жүзеге асырып жатқан "Қалдықтарды бөліңіз – бізде басқа планета жоқ" әлеуметтік жобасын іске асыру кезеңінде атқарылған жұмыстар туралы хабардар ету мақсатында "Жасыл ЖОО" - жас қоғамды дамыту құралы ретінде" атты конференция ұйымдастырды.Жобаның мақсаты - қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәселелері бойынша жас ұрпақты хабардар ету және оқу орындарының аумағында қалдықтарды бөлек жинау жүйесін енгізу арқылы эко-саналылыққа тәрбиелеу. Биылғы жылы жоба Алматы қаласындағы ірі 3 жоғарғы оқу орындарын қамтыды (АТУ, АЭжБУ және ҚазҰҚПУ).Конференцияда барысында ЖОО студенттері арасында өткен "Табиғатты сақта – қалдықтарды сұрыпта" республикалық жобалар байқауының жеңі…