Бүгін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІІ Съездінде партия Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Маңғыстау облыстық партия филиалының активі өтті. Облыстық партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ашып, жүргізді.Жиынға облыстық мәслихат хатшысы, облыстық мәслихат депутаттары, аймақтардағы филиалдардың атқарушы хатшысы, «Nur Otan» партиясының Саяси кеңес төрағалары, бастауыш партия ұйымының төрағалары, фракция жетекшілері, партия ардагерлері, қоғам белсенділері, «Jas Otan» жастар қанаты және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Құрылтайда партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Nur Otan» партиясы 23 жыл ішінде халықты ортақ мақсатқа жұмылдырып, қоғамға пайдалы көптеген бастамалар көтеріп, сайлаушылардың қолдауына ие болды,- деп…