Мазмұнға өту
Обложка сообщества Политика

Бүгін «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының активі өтті.

Бүгін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІІ Съездінде партия Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Маңғыстау облыстық партия филиалының активі өтті. Облыстық партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ашып, жүргізді.

Жиынға облыстық мәслихат хатшысы, облыстық мәслихат депутаттары, аймақтардағы филиалдардың атқарушы хатшысы, «Nur Otan» партиясының Саяси кеңес төрағалары, бастауыш партия ұйымының төрағалары, фракция жетекшілері, партия ардагерлері, қоғам белсенділері, «Jas Otan» жастар қанаты және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Құрылтайда партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Nur Otan» партиясы 23 жыл ішінде халықты ортақ мақсатқа жұмылдырып, қоғамға пайдалы көптеген бастамалар көтеріп, сайлаушылардың қолдауына ие болды,- деп атап өтті.

Партияны модернизациялау бағдарламасы партияның атауын ғана емес оның мәні мен мазмұнына да өзгерістер енгізіп, бағыт – бағдар берді.

Жиын барысында жарыссөзге шыққан партия мүшелері Партияның мемлекет мүддесі үшін тарихи жауапкершілікті алған саяси ұйым, Тәуелсіз мемлекетіміз, еліміз бен жеріміз, тіліміз – ата-бабамыздың бізге қалдырған аманаты, оны келер ұрпақтарға жеткізу – партия үшін басты міндет екенін және «AMANAT» партиясы атына заты сай болуға тиіc екенін атап өтті.

Партияның облыстық филиал төрағасы Н.Ноғаев ұсыныс білдірген партия активіне алғыс білдіріп, ел бірлігін нығайтып, жаңа Қазақстанды құру – бәрімізге ортақ міндет екенін айтты. Осы жүктелген міндеттерді абыроймен атқарсақ болашағымыз да баянды боларын жеткізді. Сонымен қатар, партияның әрбір мүшесі бұл жауапкершілікті терең сезініп, аянбай еңбек ететініне сенім білдірді.

0
0
307

Осы тақырып бойынша

Бүгін «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының активі өтті. - Yvision.kz